өрт сөндіру жеңдерін және өрт сөндіру техникасына қызмет көрсету жөніндегі шебері

от 298474
Костанайское отделение магистральной сети Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
243

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Материалдық бөлік, өрт техникасын, электростанция, мотопомпты пайдалану ережесі мен техникалық мүмкіндіктерді білу, электростанция және мотопомп жабдығымен, арнайы агрегатпен жұмыс істей білу.

Сағатпен жөндеу аралық норманың, техникалық қызмет көрсету жұмысының көлемі мен мерзімін білу, поездағы мотопомп пен басқа агрегаттарды ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жұмысын орындай білу, өрт тарамын жөндеу мен сынақ өткізу. Қарауыл ауысымында тапсырушы ауысым шеберімен бірге қозғалтқышты міндетті түрде түсіріп, мотопомп жұмысын тексеру, қабылдау нәтижесі туралы қарауыл бастығына баяндау.

Мотопомп, электростанция, өрт тарамы мен өрт техникасын таза және ақаусыз күйде ұстау, зауыт нұсқаулығында қаралған ережемен оларды пайдалануды, күтуді және ұстауды қатаң сақтау

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғарғы, орта арнайы

 

Саладағы мамандығы

Көлік, көлік техникасы мен технологиясы (көтергіш көлігі, құрылыс, жол машиналары мен вагон жабдықтары); Өрт қауіпсіздігі; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлік пайдалану (теміржол көлігі), темір жолдың жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу (түрі бойынша); жол-құрылыс машинасын техникалық пайдалану (түрі бойынша)

 

Жұмыс тәжирбесі

Жоғарғы білімде стаж талабын көрсетуінсіз, орта арнайы білімде қызмет профилі бойынша кемінде 2 жыл

Қосымша талаптар:

Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және байланыс министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің шешімімен бекітілген «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы 94-П Жарлығы, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (ары қарай – Компания) және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының» (ары қарай – Дирекция) өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін жергілікті актісі, біріктірілген басқару жүйесінің (ары қарай – ББЖ) талаптары (құжаттары), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының теміржол көлігіндегі өрт қауіпсіздігінің Ережесі ҚР ӨҚЕ 05-98, «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол көлігіндегі мемлекеттік өртке қарсы қызмет туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй және басқа жайларды, қоғамдық ғимараттарды пайдалану мен сақтауға санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» Санитарлық ережесін бекіту туралы» Қаулысы, жолаушы вагонының өрт қауіпсіздігі ЦЗ-107 бұйрығы, өртке қарсы қызметінің әскери жарлығы, ұйымның бөлімшелері және олардың арасындағы өндірістік байланысты мамандандыру, істелетін жұмыстың (қызметтің) түрі.            

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)