"Dosjan temir joly" АҚ
Самұрық Қызмет онлайн рекрутингі мектебінің кәсіби 0 маманы
"Dosjan temir joly" АҚ (бұдан әрі – "Қоғам") 2005 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы" 2001 жылғы "04" желтоқсандағы №735 Жарлығын орындау үшін және мемлекеттің ұтымды көлік желісін қалыптастыру және дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы “18” қаңтардағы №21 қаулысымен бекітілген жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Шар - Өскемен станциясы” (бұдан әрі - "Нысан") теміржол желісін салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылды.
Нысанды салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында Үкімет атынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Қоғам арасында 2005 жылғы “06” шілдеде "Шар – Өскемен станциясы" теміржол желісін салуға және пайдалануға концессиялық келісім жасалды.
Концессиялық негізде жүзеге асырылған "Шар – Өскемен станциясы" теміржол желісінің құрылысы - бұл Қазақстан Республикасында және тұтастай алғанда ТМД елдерінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттарында іске асырылған алғашқы жоба.
Теміржол желісі салынғанға дейін Шығыс Қазақстанның республиканың басқа өңірлерімен байланысы Локоть станциясы арқылы Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін жолмен жүзеге асырылды. Жүк жөнелтуші кәсіпорындар үшін бұл кедендік және шекаралық рәсімдерден өту қажеттілігіне байланысты қосымша көлік шығындарымен және уақытты жоғалтумен қатар жүрді.
Қоғам салған теміржол қолданыстағы жүк ағындарын қайта бөлуді қамтамасыз етті және Защита (Өскемен)-Локоть (Ресей) – Семей (солтүстік – батыс және оңтүстік бағыттар) бағыты бойынша жүзеге асырылатын жүктерді тасымалдауды өз мойнына алды.
Сондай-ақ, "Шар – Өскемен станциясы" теміржол желісі бойынша №№67/68 "Нұрсұлтан-Нұрлы Жол-Өскемен", 351/352 "Алматы – Өскемен", 459/460 "Өскемен - Жалаңашкөл" жолаушылар пойыздары қатынайды.