"KEGOC" АҚ
Мұраты
Қазақстан БЭЖ-нің қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық сын-қатерлерге, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау стандарттарына сай сенімді жұмыс істеуі және тиімді дамуы.
Пайымы
Біз - үздік әлемдік компаниялар деңгейіндегі сенімді және тиімді көрсеткіштері бар алдыңғы қатарлы компаниямыз.
Озық технологияларды қолдана отырып, Ұлттық электр желісін дамыту, транзиттік және экспорттық әлеуетті іске асыру үшін жағдай жасау, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті арттыру арқылы барлық мүдделі тарап үшін құндылықты тұрақты түрде арттыруды көздейміз.
Қоғам мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу жөнінде жүйелік қызмет көрсету;
2) Ұлттық электр торабының жабдықтарына пайдалану бойынша қызмет көрсету;
3) электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасауды және тәуліктік кестесін жасауды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра отырып, электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша жүйелік қызмет көрсету;
4) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асыру;
6) нақты уақыт режимінде және жүйелік әрі қосалқы қызметтер нарығында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
7) қатарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау;
8) электр қуатын реттеу және резервтеу;
9) электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің бірыңғай ақпараттық жүйесін, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматикасының түйіндес құрылғыларын құру бойынша техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
10) жеке технологиялық және өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтан жедел-диспетчерлік басқару;
12) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электр моторларды, генераторлар мен трансформаторларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
13) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электр таратқыш және реттеуші аппаратураларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
14) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электрмен жарықтандыру жабдықтарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
15) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі басқа санаттарға енгізілмеген басқа да электр жабдықтарын жөндеу және техникалық күтім жасау;
16) жеке меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
17) басқа да сымдық телекоммуникациялық байланыс;
18) кең сұрыпталымды тауарлармен сауда-саттық жөніндегі агенттердің қызметі;
19) қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының көтерме саудасы.