«Ембімұнайгаз» АҚ
«Ембімұнайгаз» АҚ –геологиялық барлау жұмыстарын белсене жүргізіп, кен алаңдарын игеруде өндіріске жаңа технологияларды батыл енгізе білген, мұнай мен газды өндіріп, дайындайтын заманауи мұнай компаниясы. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармалары.
«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.
Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.
«Ембімұнайгаз» АҚ 2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам, қайырымдылық пен демеушілікке 2,1 млрд теңгеден астам қаражат аударды7 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттар аясында бөлінген қаржыға «Ембімұнайгаздың» өндірістік бөлімшелері орналасқан аудандарда балабақшалар, мәдениет үйлері, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мектептер, бюджеттік мекеме қызметкерлері үшін баспана құрылыстары және т.б. әлеуметтік нысандар салынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.
Қазіргі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ болашаққа сеніммен қарайды! Жинақталған бай тәжірибе мен білікті ұжымның арқасында Компания алға қойылған барлық міндеттерді абыройлы орындамақ.