Филиал Управление магистральных газопроводов "Актобе"
Филиал Управление магистральных газопроводов "Актобе"
4.1

Оценка компании соискателями

83%

Кәсібилілік

82%

Сыпайылық

82%

Кері байланыстың жылдамдығы

84%

Тартымдылық индексі

Филиал Управление магистральных газопроводов "Актобе"

 «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» магистральдық газ құбырлары басқармасы филиалы бұрынғы КСРО-ның ең көне газ құбыры "Бұқара-Оралды" пайдаланып келеді. Алғашқы компрессорлық станциялар 1963 жылы пайдалануға берілді, ал 1968 жылы Бозой жерасты газ қоймаларын өнеркәсіптік салада пайдалану басталады.

Филиалдың құрамына кіретіндер: Арал, Шалқар, Краснооктябрь, Жаңажол желілік-өндірістік басқармалары; Шалқар авариялық-жөндеу учаскесі, Ақтөбе таратушы газ шаруашылығы, «Бозой» ЖАГҚ.

Филиалдың пайдалануында тұрғандар: жалпы ұзындығы 2272,2 км болатын «Бұқара-Орал», «Жаңажол-Октябрьск-Ақтөбе», «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Жанажол-КС-13», «Қожасай-КС-12» МГҚ, 7 компрессорлық станция, 45 ГАА, газ құбырлары-бұрымдары және 31 АГТС. «Бұқара-Орал» МГҚ тұтынатын газды реттеу үшін 3,5 миллиард м3 белсенді сақтау көлемімен «Бозой» ЖАГҚ жұмыс істейді.

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар