"Kazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг)" ЖШС
Самұрық Қызмет онлайн рекрутингі мектебінің кәсіби 0 маманы
«Қазақмыс» әлемде концентраттағы мысты шығару бойынша 20-орынға (271 мың тонна) және қаралтым және катодты мыс өндіру бойынша 12-орынға (өңделме шикізатты ескерумен тиісінше 377 және 365 мың тонна) ие.
2020 жылы «Қазақмыс» Тобының қосқан үлесі (279 тонна, елдегі жалпы өндірістің 51%-ы) Қазақстан Республикасына күміс өндіретін елдердің әлемдік рейтингінде 11-орынды иеленуге мүмкіндік берді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақмыс» Тобы электр энергиясын өндіру бойынша Қазақстан Республикасында 3-орында, өндіріс көлемі 7 267,53 млн. кВтсағ.
«Қазақмыс» кәсіпорындары - кеніштер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары - үш өндірістік алаңда (Балқаш, Жезқазған, Қарағанды) орналасқан, онда шамамен 37 мың адам жұмыс істейді.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
Компания жұмыскерлерді әлеуметтік қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық шаралардың кең ауқымын жүзеге асыруда. Олар жұмыскерлердің ең аз қамтылған санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын, көп балалы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй бөлуді, жұмыскерлерге қызметтік тұрғын үй беруді, ұжымдық шартқа және компанияның ішкі жергілікті актілеріне сәйкес еңбек ұжымдарында тұрақты моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін басқа да материалдық және қаржылық қолдау шараларын қамтиды.
- Тұрғын үймен қамтамасыз ету
- Аз қамтылған жұмыскерлерге атаулы әлеуметтік көмек көрсету
- Материалдық және қайырымдылық көмек
- Қайырымдылық көмекті көрсету
- Балалар мен ардагерлер, зейнеткерлер үшін тынығуды ұйымдастыру
- СӨС қолдау, жұмыскерлер мен балаларды сауықтыру
- «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС оңалту орталығында балаларды оңалту