«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
0

Оценка компании соискателями

0%

Кәсібилілік

0%

Сыпайылық

0%

Кері байланыстың жылдамдығы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) - Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания.

Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы» 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 Қаулысына сәйкес құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы бекітілген № 40 Қаулысымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамын қайта құру» туралы 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 қаулысымен «Kazsatnet» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрамына кірді.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығымен «ҰАТ» АҚ Арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілді.

Тізілімге сәйкес «ҰАТ» АҚ төмендегі оператор функцияларын орындайды:

1) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы;

2) механикалық көлiк құралдарын және оларға арналған тiркемелердi мiндеттi техникалық қарап-тексерудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң операторы;

3) көлік құралының электрондық паспорттарының (көлік құралының шасси паспорттарының) және өздігінен жүретін көлік құралдарының және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі);

4) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы осы бақылау-есепке алу аспаптарының операторы;

5) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру саласындағы осы бақылау есепке алу аспаптарының операторы.

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар