Polymetal
0

Оценка компании соискателями

0%

Кәсібилілік

0%

Сыпайылық

0%

Кері байланыстың жылдамдығы

Polymetal

Polymetal - жоғары сапалы активтер көлемі (алтын, күміс, мыс) бар, бағалы металдарды өндіру бойынша көшбасшылардың бірі болып табылатын халықаралық компаниялар тобы. Компания кен орындарын игеру бойынша – геологиялық барлаудан бастап өндірістерді салу мен пайдалануға дейінгі жұмыстардың барлық кешенін дербес жүзеге асырады.

 

Қазақстанда топ құрылымына 4 кәсіпорын кіреді: «Полиметалл Еуразия» ЖШС (Астана қ.), «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС (Абай облысы), «Варваринское» АҚ және «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС (Қостанай облысы).

Елдегі қызметкерлердің жалпы саны 3 мыңнан асады.

 

2022 жылдың қорытындысында қазақстандық активтерде өндіру 541 мың унция алтынды (~ 16,8 т.) құрады. Бұл нәтижеге әр қызметкердің үлесі маңызды болып саналатын үйлесімді ұжымдық жұмыстың арқасында қол жеткізілді. 

 

Біз тек жақсы еңбек жағдайын ғана емес, ең бастысы қауіпсіз ахуалды да қалыптастырамыз. Бірден бәрінде үздік болуды талап етпейміз. Оның орнына өз компаниямыздың ішінде нәтиже беретіндей үнемі білім алуға және дамуға мүмкіндік жасаймыз. Корпоративтік басқарудың озық үлгілерін пайдалана, өндірістегі жаңа технологияларды қолдана және орнықты даму мақсаттарын ұстана отырып, біз бірлескен еңбек арқылы Қазақстанның тау-кен өндіру саласының көшбасшылары арасында лайықты орын ала білдік.

 

Алтынға тең командамызға қосылып, Polymetal халықаралық компаниясының бір бөлігіне айналыңыз!

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар