Самұрық-Қазына Инвест
Жергілікті қамтуды сапалы ұлғайту мақсатында бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді әзірлеуге бағытталған инвестициялық жобаларды тікелей қаржыландыруды жүзеге асыратын инвестициялық компания.
Тарихы
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС 2007 жылғы 20 шілдеде құрылған сәттен бастап бірнеше даму кезеңінен өтті. Бастапқыда компанияны құру мақсаты «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) инвестициялық қызметін сараптамалық сүйемелдеу болды.
2012 жылы Қор компания қызметінің жаңа мақсаттары мен міндеттерін елде бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді дамытуға ықпал ететін инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыру ретінде анықтады.
«YellowPages» қағидатын ескере отырып, инвестициялық қызметті іске асырудың негізгі құралы жаңадан құрылатын және/немесе жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына миноритарлық тікелей қатысу болып саналады.
Инвестициялық қызметі басталғаннан бері компания тау-кен саласы мен металлургия, күн энергетикасы, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, лизингтік қызметтер көрсету салаларында жалпы сомасы 19,5 млрд теңгеге 7 жобаны іске асырды.
Мұраты
Қажет болған жағдайда және Қордың тапсырмасымен бірлескен кәсіпорындардың капиталына қатыса отырып, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау жолымен Қазақстан Республикасына инвестиция тартуға ықпал ету.
Стратегиялық мақсаты
№ 1 стратегиялық мақсат: жаңа бірлескен кәсіпорындардың капиталына миноритарлық қатысу және инвестициялық қызметтердің бәсекеге қабілетті пакетін ұсыну жолымен Қазақстан экономикасын және Қор тобын әртараптандыруға ықпал ететін инвестицияларды тарту.
№ 2 стратегиялық мақсат: инвестициялық бастамалар мен жобаларды, оның ішінде Қордың тапсырмалары бойынша пилоттық жобаларды пысықтау, құрылымдау және іске асыру.
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС туралы ақпарат бар файлды көшіріп алу
Еншілес компаниялардағы бос орындар
Компаниядағы бос орындар
- Бухгалтерия, басқарушылық есеп, мекеме қаржысы1
-
Активтерді басқару департаментінің портфель бөлімінің бастығыЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Астана қ.31.10.2024 | 3222