"Өріктау Оперейтинг" ЖШС
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі 2005 жылғы 27 қазандағы хаттамамен Барлау және өндіру жүргізуге арналған келісім-шарт жасасу арқылы «Өріктау» кен орнында көмірсутек шикізатты барлау және өндіру құқығын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на беру туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында 2008 жылғы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысында орналасқан «Өріктау» кен орнында көмірсутек шикізатты барлау және өндіру жүргізуге арналған келісім-шартқа қол қойылды.
«Өріктау Оперейтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылды және заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілері мен Жарғы негізінде өз қызметін жүзеге асырады.
Серіктестік заңды тұлға ретінде 2009 жылғы 6 қазанда тіркелді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы №15807-1904-ЖШС куәлік Ақтөбе қ. Әділет департаментімен 2009 жылғы 6 қазанда берілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Өріктау Оперейтинг» ЖШС арасында 2009 жылғы 20 қазанда «Өріктау» кен орнында көмірсутек шикізатты барлау және өндіру жүргізуге арналған 2008 жылғы 05 желтоқсандағы №2882 келісім-шарт бойынша Операторды тарту туралы №164 келісімге қол қойылды.
Серіктестіктің мақсаты - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы «Өріктау» кен орнында көмірсутек шикізатты барлау және өндіру жүргізуге арналған келісім-шартқа сәйкес Оператор ретінде «Өріктау» кен орнында жер қойнауын пайдаланушы атынан операцияларды жүргізу болып табылады.
Серіктестіктің құрылтайшысы және жалғыз қатысушысы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.