Артқа

«Ең бастысы өз әлеуетіңді аша біліп, саладағы сауатты маманға айналу». Елжас Әбзиев, AD Ports Group капитанының үшінші көмекшісі

26 қыр. 2024
«Ең бастысы өз әлеуетіңді аша біліп, саладағы сауатты маманға айналу». Елжас Әбзиев, AD Ports Group капитанының үшінші көмекшісі

Бүгін біз Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан жетекші логистикалық және сауда AD Ports Group халықаралық компаниясында жұмыс істейтін қызметкердің оқиғасын айтып бергіміз келеді.

Әңгіме басында AD Ports Group жобасы бойынша қазақстандық мамандарды іріктеуді Qsamruk.kz порталы арқылы Samruk Business Academy жүзеге асыратынын атап өткен жөн. Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен AD Ports Group арасындағы келісім негізінде қазақстандық еңбеккерлерді Абу-Дабиге жұмысқа орналастыруға бағытталған.

Елжас Әбзиев - кемедегі жұмысы туралы құлшыныспен әңгімелейтін капитанның үшінші көмекшісі. Ол өзінің кәсіби еңбек жолы мен теңізде жұмыс істеу ерекшелігі жайлы бөлісті. Сондай-ақ теңіз әлеміне қалай келгенін, осы салада жұмыс істеу үшін қандай дағдылар маңызды екенін тілге тиек етіп, борттағы жауапкершілігіне қатысты ой өрбітті.

Қазақстан теңіз академиясының түлегі ол, бірнеше жыл ішінде мансаптық өсуге қол жеткізіп, капитанның үшіншісі көмекшісі атанды. Оның бастан кешкені кәсіби белесін енді бағындырудағы немесе мамандық таңдауда әлі де ізденістегі өрендерді шабыттандыруға тиіс.

Елжас үшінші көмекші болуға қол жеткізу үшін біраз бұралаң жолды еңсергенін еске алады. Сөйтсек, бала кезінен-ақ өзгеше кәсіпке ұмтылып, таңдауын мектеп қабырғасында жасапты. Қазақстан теңіз академиясы оны келешек көкжиегі зор бағдарламасымен баурап алған және еңбек жолы да дәл осы жерден басталған.

Қызметіне Каспий теңізінде екінші көмекші ретінде кірісіп, кейін капитанның аға көмекшісі биігіне көтерілген. 2023 жылдың соңында ҚазМұнайГаз бен AD Ports Group компаниясы келісімшартқа отырып, халықаралық мүмкіндіктерге жол ашылған. Елжас мүмкіндікті қалт жібермей, бос жұмыс орнына Qsamruk.kz порталы арқылы үн қатқан. Қазір теңізге ғашық кейіпкеріміз «Safeen Al Nour» кемесінде үшінші көмекші болып еңбек етіп, халықаралық құрамдағы экипажда мол тәжірибе жинақтауда.

Біздің кейіпкеріміз бір уақытта штурман, өрт сөндіруші, дәрігер, хатшы, менеджер, жүк көмекшісі және құтқарушы болуға тура келетін қалыптан тыс қызмет міндеттеріне құштар және оларды атқарудан еш қорықпайды.

Елжас теңізде жұмыс істеу үшін ағылшын тілін білу, тәжірибе, көшбасшылық қасиет, жан-жақтылық, тіл табыса білу, бейімделу, еңбексүйгіштік және әзілдейтін болсақ, өлермендік маңызды деп санайды. Оның міндетіне навигациялық вахталарды жүргізу, апаттық құрал-жабдыққа қызмет көрсету, порт әкімшіліктерімен құжаттарды рәсімдеуу, қауіпсіздікті басқару жүйесін сақтау және жүк операцияларын орындау кіреді.

Елжастың кемедегі бос уақыты аз, бірақ қолы қалт етсе оны спортқа, кітап оқуға, сериал көруге пайдаланады. Оған демалған кезінде де өмір ырғағы сияқты кеменің де қозғала беретінін түйсіну қызықты. Оны басты жігерлендіретіні – өз әлеуетін ашып қана қоймай, айналасына білімін паш еткен райда саладағы сауатты маманға айналу.

Сіз де Елжас сияқты QSamruk.kz сайтынан AD Ports Group бос жұмыс орындарына өтініш беріп, арманыңыздағы жұмысты таба аласыз.

Қазіргі уақытта сайтта 228 000-нан астам үміткер тіркелген және 2019 жылдан бері 65 000-нан астам бос жұмыс орны жарияланды. Платформаның бүкіл тарихында 660 000-нан астам жұмыс жауабы берілді.