Әңгімелесу барысында қандай жалақы сұрау керек? Рекрутер кеңесі
Сұхбаттасу кезінде қандай айлық мөлшерін айту көптеген жайтқа, соның ішінде сіздің тәжірибеңізге, дағдыларыңызға, тұратын аймағыңызға, салаңызға, компанияның көлеміне және басқа жағдайларға байланысты.
"Қазақтелеком" АҚ персоналды іріктеу жөніндегі бас менеджері Данияр Тағбергеновтың қандай еңбекақы сұрауға болатынын анықтауға көмектесетін бірнеше кеңесі.
- Еңбек нарығын зерттеу
Сіздің салаңызда және аймағыңызда қандай жалақы ұсынылып жатқанын зерттеңіз. Бұл сіздің қызметіңіз бен тәжірибе деңгейіңіз үшін қандай орташа жалақы күтілетінін түсінуге көмектеседі.
- Тәжірибеңіз бен дағдыларыңызды бағамдау
Айлықты айқындау кезінде тәжірибеңізді, дағдыларыңызды және жетістіктеріңізді еске түсіріңіз. Егер Сізді құнды үміткер ететін бірегей дағдыларыңыз немесе тәжірибеңіз болса, онда жоғары жалақы сұрай аласыз.
- Әлеуметтік қолдау жағын қарастырыңыз
Негізгі жалақыны ғана емес, сонымен қатар медициналық сақтандыру, зейнетақы жарналары және т.б. сияқты компания ұсынатын басқа да бонустарды, жеңілдіктер мен артықшылықтарға зер салыңыз.
- Келіссөздерге дайын болыңыз
Ақылға қонымды болатын айлық мәнін айтыңыз, бірақ саудаласып, келіссөздер жүргізуге мүмкіндік қалдырыңыз. Жұмыс беруші сізге сұрағаныңыздан сәл көбірек ұсынуы ғажап емес немесе басқа бонустар ұсынуы ықтимал.
- Компанияның бюджеттік шектеулері туралы ұмытпаңыз
Компания қазынасында шектеулер болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Сондықтан оларға қиын, шамадан тыс соманы сұрамаңыз.
- Кәсіби мамандарға хабарласыңыз
Қажет болса, сіз өзіңіздің жұмысыңызға сәйкес жалақы туралы кеңес алу үшін рекрутерлерге немесе мансаптық кеңесшілерге жүгіне аласыз.
- Келісуге, жұмыс беруші шарттарына көнуге дайын болыңыз
Кейде Сіздің қаржылық жоспарларыңыз бен компания мәдениеті мен мансаптық мүмкіндіктер сияқты мәселелер арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды.
Данияр Тағбергенов