Артқа

Кәсіптік бағдар 50 +

27 шіл. 2020
Кәсіптік бағдар 50 +

50+ жас санатындағы мамандар үшін

Бұл мансап жолының көп бөлігі өтіп кеткендігі және зейнетақыға дайындықтың алда тұрғаны туралы ойланатын жас. Әдетте ересек адамдар құндылықтарды қайта бағалап, олардың бойын болашаққа қорқыныш үрейі билеп жатады, яғни:

Ешкімге керек боп қалмау.

Жаңа технологияларды игере алмау.

Жұмыссыз қалу.

Балаларға тәуелді болудан қорқу және тағы басқа.

Салдарында адамның өзіне сенімі күрт төмендеп кетеді. Себебі не істеп, немен шұғылдануға болатыны туралы толық түсінік, өзіңіз баяғыдан үйреніп қалған жұмыстан басқаға бейімділік болмағандықтан белгісіздік қорқынышы еңсеңізді басады.

Осы себепті сізде болуы мүмкін ең қорқынышты сценарийді ойланып көру өте маңызды.

Ондай мүмкін жағдайды жасанды түрде елесетіп, соның ішінде ойша өмір сүріп көріңіз. Нәтижесінде тығырыққа тірелгенде де өмірдің жалғаса беретінін, ештеңе күйреп қалмайтынын зерделеп, ұзақ уақыттан бері айналысуға қол тимей жүрген белестерді бағындыруға құштарлығыңыз оянады. Тіпті сүйікті ермегіңізді болашақ толыққанды кәсіп ретінде қарастыру мүмкіндігі санаңызды сілкінтеді. Егер әзірге жаныңыз қалайтын іс жолықпаса, ләззат пен қосымша табыс әкелетін дүниемен қауышуға ешқашан кеш емес.

Автор: Эльмира Салимова, мансап бойынша кеңесші, Samruk Qyzmet жобасының менеджері.