Артқа

QSamruk армандарды орындайды. Талабы таудай жас маман жұмысты «Тау-Кен Самұрықтан» тапты

28 нау. 2024
QSamruk армандарды орындайды. Талабы таудай жас маман жұмысты «Тау-Кен Самұрықтан» тапты

Тағы бір табысты оқиға QSamruk.kz арқылы жұмыс тапқан жас, бірақ болашағы зор маман Нәзір Шұбаровқа байланысты болып отыр.

Нәзір мектеп қабырғасынан бастап, ел экономикасының негізін құрайтын жетекші компанияларды қамтыған «Самұрық-Қазына» тобында жұмыс істеуді армандаған.

Кейіпкеріміз өзінің геолог ретіндегі кәсіби еңбек жолын жеке компанияларда өрбітіп, содан кейін «Қазгеологияда» еңбек еткен. Содан кейін бағын сынап көрмекке шешім қабылдап, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясында геология бойынша менеджер лауазымына конкурстық іріктеуден өтуді ұйғарған. Нәтижесінде алға қойған мақсатына батылдығы мен табандылығы жеткізді.

Нәзір бос жұмыс орнын Qsamruk.kz порталдан көріп, жауап берген және ізін суытпай жұмыс ұсынысын алды! 20 ақпаннан бастап ол өз міндетіне кірісті!

Qsamruk.kz порталында жұмыс іздеу ыңғайлы және тиімді болып шығып, бұл тиісінше қазіргі заманғы рекрутингте цифрландырудың маңыздылығын растауда.

«Мен әрқашан «Самұрық-Қазына» тобының қызметкері болуды армандайтынмын. Ер жете келе ол арманды өмірде жүзеге асыру мақсатын алға қойдым. QSamruk платформасымен қауышқанда қажет қадамдар мен ойлағаннан әлдеқайда оңай екенін түсіндім және бірден өзімді қызықтыратын қызметке зер салдым. Түйіндемені қарау кезеңінен соң маған тесттер жіберіліп, оларды сәтті тапсырдым, содан кейін сұхбатқа шақыру келді. Мұның бәрі өте қызықты болды және сәйкес тәжірибе болашақта өте пайдалы болатыны анық», - дейді жас маман.

Жаңа жұмыс орнында Нәзір сүйікті ісімен айналысады - геологиялық зерттеулер, алынған деректерді өңдеу және жалпылау, геологиялық есептерді талдау. Оның негізгі міндеті – келешегі бар учаскелерді іздеу. Геология менеджері лауазымындағы толық емес бір ай ішінде Нәзір Шұбаров қызметтік іссапарға барып үлгерді.

Компанияның мықты корпоративтік мәдениетінің арқасында Нәзір өзін әр қызметкер құнды және ұжымдастарды қолдайтын команданың бір бөлігі ретінде сезінеді.

Жұмыстан басқа, біздің кейіпкеріміз әріптестерімен бірге шахмат пен спортқа уақыт табады. Бойда тасыған күш-қуат пен өзін жетілдіруге деген ұмтылыс оны табысты маман ғана емес, сонымен қатар айналасындағылар үшін шабыттандыратын өнеге-үлгі етуде.

Нәзір - QSamruk.kz арқылы жұмыс таба алған көптеген пайдаланушылар қатарынан.

Айта кетейік, бүгінде QSamruk.kz, мыңдаған адамдарға ең жақсы жағдай жасайтын жетекші компанияларда сүйікті жұмыс табуға мүмкіндік береді. Қазақстан бойынша барлығы QSamruk.kz сайтында қазіргі кезде 1 100-ден астам бос жұмыс орны орналастырылған.

Жұмыс орындары туралы ақпаратты порталда 540-тан астам ұйым мен олардың филиалдары орналастырады. Мұнда 200 000-ға жуық ізденуші тіркелген, 16 функционал және конкурстық рәсімдерді өткізудің 40-тан астам цифрлық құрал жұмыс істейді.

QSamruk.kz - біз сіздер үшін рекрутингті цифрландырдық!