Артқа

«Теңізге деген құштарлығым бала кезден басталды» Нұрай Әбілқанова, AD Ports Group компаниялар тобы кемесі капитанының үшінші көмекшісі

22 қаз. 2024
«Теңізге деген құштарлығым бала кезден басталды»  Нұрай Әбілқанова, AD Ports Group компаниялар тобы кемесі капитанының үшінші көмекшісі

«Теңізге деген құштарлығым бала кезден басталды»

Нұрай Әбілқанова, AD Ports Group компаниялар тобы кемесі капитанының үшінші көмекшісі

Соңғы жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен AD Ports Group халықаралық компаниясы арасындағы келісімнің арқасында теңіз өнеркәсібіне қызығушылық танытқан қазақстандық мамандар саны артуда.

Бұл ынтымақтастық қазақстандық жұмысшыларға теңізде де, құрлықта да Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмысқа орналасу мүмкіндігін ашып, @Qsamruk.kz сайты арқылы кәсіби өсудің жаңа көкжиегін ұсынуда. Қазіргі уақытта тиісті сайтта 12 AD Ports Group бос жұмыс орны бар.

Бүгінде үшінші көмекші қызметіндегі Нұрай Әбілқанова AD Ports тобында жұмысы туралы айтып берді.

Шытырман оқиғаға және өзгеше белестерге толы теңіз кәсібі барған сайын адамдардың арасында сұранысқа ие болып келеді. Safeen Principal және Safeen Al Nour сияқты кемелерде қазақстандықтар кемені басқарып қана қоймай, сонымен қатар олардың жұмысын тиімдірек ететін заманауи технологияларды меңгеруде. Халықаралық тәжірибе жинақтаған олар Қазақстанға оралып, Каспий теңізінде мансабын жалғастыра алады.

AD Ports Group компаниясының үшінші көмекшісі Нұрай Әбілқанова өзінің мансабының бастауы туралы былай деп әңгіме өрбітеді: «Менің теңізге деген құштарлығым бала кезімнен басталды. Қызылордада тұрып, ешқашан мұхиттың жанында болған емеспін, бірақ ұлы саяхаттар, теңізшілер мен кемелер туралы кітаптар мен фильмдер әрқашан жан-дүниемді астаң-кестең етіп, біртүрлі қиял қанатында шарықтататын. Өз өмірімді теңізбен байланыстырып, оны жай арман емес, шындыққа айналдыра алатынымды түсінгенде алға ұмтылдым».

«Қазақ флоты мен үшін мінезімді шыңдап, дағдыларды игеруге мүмкіндік берген алғашқы қадам болды. Содан кейін бұдан да көп нәрсеге дайын екенімді түйсініп, халықаралық су аумақтарына шығуға бел байладым және AD Ports Group еншілес компаниясы - GFS Ship Management FZE қатарына қосылдым», - деп сыр шертеді ол.

Ең бірінші, капитанның көмекшісі тамаша стратегиялық және сараптамалық дағдыларды қажет етеді. Көмекші үнемі ақпараттың үлкен көлеміне ден қоюмен болады: навигациялық деректер, ауа райы болжамдары және жабдық күйі. Әрбір қате сан соқтыруы мүмкін. Сондықтан командаға өз ойыңды анық және дәл жеткізе білу маңызды.

Нұрай Атлант мұхитындағы дауыл туралы естелігімен бөлісті: «Бұл менің ашық теңізге алғашқы күрделі сапарым еді. Кенеттен дауыл басталды: аспан бірден қараңғы болып, жел күшейіп, толқындар кемені бүйірден орасан күшпен ұрғылай бастады. Бұл сәт мен үшін сынақ екенін сезіп, жүрегімнің дүрсілдей соғып, бойымды сондай бір алабұрту буды. Дегенмен команда болып батыл әрекет еттік: барлығы өз орнынан табылып, дауылда буырқанған мұхитқа қарамастан, кеменің бағытын айнытпай ұстай алдық».

Нұрай қолы қалт босаса бірден кітап оқуға тырысады – өзімен бірге сапарға психология, тарих, кейде көркем әдебиет кітаптарын да ала кетеді. Бұл оған теңіздегі күнделікті сарыннан үзіліс жасап, басқа әлемдерге саяхаттауға көмектеседі. Кейіпкеріміз және де сурет салуды ұнатады және әдетте борттан көрген көріністерді салу үшін өзімен бірге қасынан акварельдің шағын жиынтығын тастамайды.

Өз кезегімізде, QSamruk.kz пайдаланушылары AD Ports Group және платформада қолжетімді лауазымдар туралы ақпаратты орналастыратын басқа компаниялардың бос жұмыс орындарына жауап бере алатынын еске саламыз.

Қазіргі уақытта QSamruk.kz сайтында 235 мыңнан астам үміткер тіркелген, ал 2019 жылдан бері 66 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Платформаның бүкіл тарихында жарияланған бос орындарға 680 000-нан астам жауап берілді.

Тіркеліңіз, түйіндемеңізді толтырыңыз және арманыңыздағы жұмысты табыңыз!