Жаңа ұжымға үйренісіп кетуге қажет 8 кеңес
Жаңа командаға қосылдыңыз ба?
Бүгінде адами ресурстарды басқару саласындағы сарапшы, «Dosjan temir joly» АҚ HR және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Құралай Мейрамбаева бізбен ұжыммен тез тіл табысып кетуге көмектесетін 8 кеңеспен бөлісті.
Жауапкершілік аймағын айқындап алыңыз
Қазір компанияларда тапсырмалар күрделене түсіп, бірнеше міндетті бірге алып жүру қажет жобалар пайда болуда. Мұндай жағдайларда жауапкершілік аймағын түсіну, оны басшымен келісу, күтілетін нәтижелер мен тиімділік белестерін талқылап алу маңызды.
Қажет болса, шарттарды қайта пысықтап алыңыз
Егер сынақ мерзімінің басында сізге жобалар тапсырылған болса, онда оларды осы кезеңнің соңына дейін аяқтау маңызды. Егер тапсырма өзекті болмай қалса және сіз оны 2-3 ай ішінде орындай алмасаңыз, бастама көтеріп, бұл мәселені басшылықпен талқылаңыз.
Өзіңізге тым қатты талапшыл болмаңыз
Өз жұмысыңызды сапалы орындау өте жақсы. Дегенмен, бейімделу кезеңінде өзіңізге тым қатал болмаңыз. Сіз тапсырмаларға енді бойлап, стандарттар мен ережелерді меңгере бастағандықтан, өзіңізді қатты қинап, зорықтыра бермеңіз.
Күрт қимылдар жасамаңыз
Бірінші апта шешуші рөл атқарады. Осы уақытта көптеген жаңадан жұмысқа келгендер, егер өзін бірдеңе қанағаттандырмаса, эмоцияларға беріліп, кетіп қалады. Жағдайды тым тез үстірт бағалауға асықпау үшін келесі ережені ұмытпаңыщ: «Бірінші ұғыну, бақылау».
Әріптестеріңізбен көбірек сөйлесіңіз
Бейімделу – бұл жұмыс міндеттерін тап-тұйнақтай, тиянақты орындау ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас орнату. Айналаңыздағы адамдарға назар аударыңыз: сөйлесіп, аралысыңыз, олардың есімдері мен жұмыстарын есте сақтауға тырысыңыз. Бұл сізге ұжымға тезірек үйренісуге көмектеседі.
Кері байланыс сұраңыз
Көптеген жаңадан бастаушылар басшысына жұмыстың алғашқы күндерінде жүгініп қателеседі. Неге назар аудару қажет екенін түсіну үшін бұл сұрақпен басшыға бірінші аптаның соңында хабарласқан дұрыс. Сондай-ақ, оған бірінші айдан кейін кіріп, нені жақсарту керектігін, өз жетістіктеріңізді білген жөн.
Оқу материалдарын қолданып, тәлімгермен сырласыңыз
Егер сіз белгілі бір жұмыс ережелері бар компанияда жұмыс істей бастасаңыз, оларды зерттеу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Ұсынылған материалдарды зерттеңіз, корпоративтік порталды қараңыз, ішкі оқытудан өтіңіз.
Алғашқы айдың соңына қарай есепті ыңғайлаңыз
Айдың соңында басшылық әр қызметкердің жұмысын бағалап, әсіресе жұмысты жаңадан бастаушыларға назар аударады. Есепті тыңғылықты дайындап, тиімділігіңізді көрсетіңіз. Сіздің жетістігіңізді бағалаудың алдын ала белгіленген шарттарына назар аударыңыз.