Артқа

Жұмысбасты аналарға рекрутер кеңестері

01 там. 2023
Жұмысбасты аналарға рекрутер кеңестері

Кәсіби рекрутер, «QazaqGaz» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекақы төлеу департаментінің аға менеджері Айдана Сағымбекова жұмыс істейтін аналарға Work-life balance орнатуға көмектесетін кеңестерімен бөлісті.

 

  1. Уақытты тиімді ұйымдастырыңыз

 

Жұмыс міндеттерін де, отбасылық мәселелерді де ескеретін кесте жасаңыз. Басымдықтарды белгілеңіз және оларды ескере отырып, уақытыңызды жоспарлаңыз. Бұл сіздің уақытыңызды тиімді пайдалануға және шамадан тыс жүктемелерден аулақ болуға көмектеседі.

 

  1. Қолдауды пайдаланыңыз

 

Қажет болған кезде жұмысқа ден қою үшін отбасы мүшелерінен, достарынан көмек сұраңыз немесе балаға күтуші жалдаңыз. Тапсырмаларды бұлай бөлу сізге күнделікті міндеттерді шешуге және уақыт ағымында өзіңізді кең ұстауға көмектеседі.

 

  1. Қажетті жұмыс ортасын қалыптастырыңыз

 

Үй кеңсесін жұмыс істеуге ыңғайлы және тыныш орын болатындай етіп ұйымдастырыңыз. Жұмысқа ден қою мүмкіндігі болу үшін жұмыс аймағын балалармен уақыт өткізетін жерден бөлек ұстаңыз.

 

  1. Икемді болыңыз

 

Кейде жоспарлар өзгеруі мүмкін және бұл кезде икемді болу маңызды. Барлығы әрқашан мінсіз бола бермейтінін қабылдап үйреніңіз және тосынсыйларға дайын жүріңіз.

 

  1. Өзіңізге қамқорлықпен қараңыз

 

Тәндік және рухани есендігіңіз туралы ұмытпаңыз. Жеткілікті демалуға, жаттығулар жасауға, дұрыс тамақтануға және демалып, тынығуға уақыт табуға тырысыңыз.

Айдана Сағымбекова