Маркетинг және стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджер (№ 46-06-21/4688 от 20.11.2023) - 1 ед.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
1276

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

«ҮМЗ» АҚ (УӨ бойынша) даму стратегиясын әзірлеу және түзету бойынша жұмыстарды орындайды. Әлемдік уран нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізеді және талдамалық есеп дайындауды жүзеге асырады. «Уран өнімінің маркетингі» (өз құзыреті саласында) процесс картасына сәйкес процесті іске асыруды жүзеге асырады. Келісімшарт алдындағы ақпаратқа талдау жүргізеді және келісімшарт алдындағы жұмыстарды жүзеге асырады. «ҮМЗ» АҚ УӨ өнімдері мен қызметтерінің қазіргі және әлеуетті тапсырыс берушілерімен келіссөздер мен хат алмасуды жүзеге асырады. Делегацияларды қабылдау бағдарламасына сәйкес тапсырыс берушілердің сапарлары кезінде келіссөздерге қатысады. Өз құзыреті шеңберінде жасалған келісімшарттарды орындау бойынша мәселелерді шешуге қатысады. Өндіріс стратегиясы шеңберінде тактикалық іс-шаралар бағдарламаларын әзірлейді. Әлемдік нарықтың қажеттіліктері мен құндылықтарын зерделеу және талдау, сондай-ақ инновациялық дамудың стратегиялық пайымын, мақсаттары мен жоспарларын қалыптастыру мақсатында әлеуетті бәсекеге қабілетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді таңдау негізінде өндіріс қызметінің болашақ бағыттары мен параметрлерін болжауды жүзеге асырады. Нарықты талдау, өндірілетін өнімді тұтынатын салалардың даму болжамдары және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі негізінде ағымдағы және ұзақ мерзімді маркетингтік жоспарларды әзірлейді. УӨ маркетингтік қызметі бойынша есептер жасайды. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады. Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындайды. Өзінің тікелей басшысының нұсқаулары мен қызметтік тапсырмаларын орындайды. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. Құпиялылық режимінің, ақпараттық қауіпсіздіктің, мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпияны сақтаудың, өткізу және объектішілік режимнің, еңбек және өндірістік тәртіптің талаптарын сақтайды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті саласындағы міндеттер РД ОПБиОТ № 14.025 сәйкес айқындалады.

Білім:

Жоғары (техникалық/ экономикалық/ менеджмент/маркетинг / шет тілі/ аударма ісі)

Дағдылар:

ДЭЕМ (Microsoft Word, Excel, PowerPoint) және кеңсе техникасының басқа құралдарын пайдаланушы деңгейінде иелену. Іскерлік жазу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері: 266490 теңгеден - «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы жалақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: - жыл бойы мерекелік даталарға арналған сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлер күніне 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); - қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, «ҮМЗ» АҚ-ның бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы (бір лауазымдық жалақы мөлшерінде); - 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; - жыл сайынғы кірістерді индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспауы тиіс); - «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар

Білетін тілдер:

шет тілі (мүмкіндігінше ағылшын тілі)