"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Қарағанды магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының Қарағанды жол дистанциясы Нұра станциясының №7 желілік учаскесінің жол шебері

от 358606
Карагандинская дистанция пути Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
1044

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жөнделген учаскелер мен нысандарды пайдалануға уақтылы беру;
  • Еңбек өнімділігін арттыру;
  • Жол машиналары, механизмдері, құрылғылары мен олардың техникалық мүмкіндіктерін максималды түрде пайдалану негізінде жұмыс күшін төмендету;
  • Жұмыс өнімінің ережелері мен технологияларын сақтау, еңбектің ғылыми ұйымдастырылуын енгізу мен материалдарды, жанар-жағармай мен энергияны рационалды пайдалануды қамтамасыз ету;
  • Бригадаларға өндірістік тапсырмаларды, машиналар, механизмдер мен құрылғылар, материалдар, жанар-жағармай, электр қуаттар, еңбек ақы қорын бағалау, еңбек ақының соңғы нәтижелерін бағалауды  және жоспарларды уақтылы жеткізу (арнайы жол жөндеушілер үшін ірілендірілген жол дистанциялары есебінен басқарудың жаңа модельдері кезінде); 
  • Жол бригадаларының жұмысын жүргізу, жол жөндеушілерді поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке қауіпсіздік техникаларын қамтамасыз етуге оқыту мен нұсұаулықтар жүргізу;
  • Күрделі жөндеудің бекітілген технологиялық үрдістерді, өндірістік кестелерді жолды қалпында ұстау кезінде негізгі жұмыстарды орындау барысында ережелер мен технологиялардың сақталуын қамтамасыз ету, бұзушылықтар пайда болған кезде себептерін жою;
  • Жұмысты орындау басталарға дейін жол жөндеушілерге, керек болған жағдайда жеке жұмыскерлерге нарядтар беру, жұмысты орындау жағдайларымен, өндіріс нрмаларымен жұмыскерлерді таныстыру; 
  • Бригадаларды құрастыру (олардың сандық, кәсіби-біліктілік құрамын), бригадаларға рационалды қызмет көрсету бойынша іс-шаралар енгізу;
  • Жұмыстарды орындаудың сапасы мен есептілігінің түзулігін, айлы және жарты айлық кестелердің жүргізілуі мен толтырылуын, жол дистанциясына ауыр типті жол машиналарының кешенді жұмыстарының орындалуы туралы нарядтарды уақтылы тапсыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғарыдан кейін), орта (иехникалық немесе кәсіби), орта немесе бекітілген бағдарлама бойынша арнайы даярлық
  • Мамандығы: Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері, көлік құрылысы \
  • Жұмыс өтілі: 1 жылдан кем емес (жоғары білімі болған кезде), 3 жылдан кем емес (орта білімі болған кезде), 4 жылдан кем емес (бекітілген бағдарлама бойынша арнайы даярлық білімі болған кезде)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)