4-5-6 разрядты слесарь-сантехник «Р» цехы (№ 46-06-21/222 от 17.01.2024) - 2 ед.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
1009

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

-

Білім:

Техникалық және кәсіби деңгейден төмен емес

Дағдылар:

4-разряд: меңгеруі керек: орталық жылытудың, сумен жабдықтаудың, кәріздің және суағарлардың санитарлық-техникалық жүйелерінің күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру; аспап пен бекітпелерді орнату орындарын белгілеу; жөндеу орнында шойын радиаторларын топтастыру және қосып топтастыру; жылыту панельдерінің, санитарлық-техникалық кабиналар мен блоктардың құбырларын жалғау; бөлшектер мен аспаптарды піспекті пистолет арқылы бекіту; шаю шанашығын, әртүрлі ванналарды, шұраларды, крандарды, үшқозғалтқыштылардан басқа, әртүрлі шұңғылшаларды, раковиналарды, араластырғыштарды, қолжуғыштарды, дәретханаларды, сору шкафтарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. 5-разряд: меңгеруі керек: орталық жылытудың, сумен жабдықтаудың, кәріздің және суағарлардың санитарлық-техникалық жүйелерінің күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру; шойын құбырларынан құбырлардың учаскелерін ауыстыру; құбырларды сынау кезінде ақаулы орындарды белгілеу; аппаратураны, су жылытқыштарды, ауа жинағыштарды, колонкаларды, үшқозғалтқышты крандарды, айқыштарды, манометрлерді, секциялық бұрмаларды, су өлшегіш шыныларды, үшайырларды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. 6-разряд: меңгеруі керек: орталықтандырылған жылытудың, сумен қамтуды, кәріз және су әкетудің санитарлық-техникалық жүйелердің күрделі детальдары мен түйіндерін ашу, жөндеу және құрастыруды; санитарлық-техникалық жүйелерді сынау; аппаратураны тексеру және сынау; бақылау-өлшеу аспаптарын орнату орындарын белгілеу; бойлерді, инжекторларды, калориферлерді, бу қазандықтарын, автоматты өрт сөндіру жүйелерін, термореттегіштерді, жану құрылғыларын ашу, жөндеу және құрастыруды.

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері: 176 015 теңгеден бастап (4-разряд) 186 073 теңгеден бастап (5-разряд) 207 446 теңгеден бастап (6-разряд) - «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы жалақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: - жыл бойы мерекелік даталарға арналған сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлер күніне 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); - қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, «ҮМЗ» АҚ-ның бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы (бір лауазымдық жалақы мөлшерінде); - 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; - жыл сайынғы кірістерді индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспауы тиіс); - «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар

Білетін тілдер:

-