"ҚТЖ "ҰК"АҚ "Көпсалалы қызмет көрсету орталығы" филиалының салықтық есеп департаментінің менеджері (14 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- жалақы салықтары бойынша салық тіркелімінің SAP жүйесінде автоматтандыру үшін талаптарды әзірлеу (200.00 және 200.05 ҚНҚ үшін);
- қоғамның құрылымдық бөлімшелері ұсынған қаржыландыруға арналған өтінімдерді есептеудің дұрыстығы тұрғысынан қарау және келісу:
- оқитын (біліктілігін арттыратын) қызметкерлерге немесе өзге де тұлғаларға төленетін шығыстар сомасы бойынша салықтар және басқа да міндетті төлемдер;
- радиожиілік спектрін (РЖС) пайдаланғаны үшін төлемақы;
- сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
- амералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдары анықтаған салық заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша құрылымдық бөлімшелермен жұмыс жүргізу және мемлекеттік кіріс органдары туралы хабарламаларға жауаптар дайындау;
- мемлекеттік кірістер органы құжаттық салықтық тексерулер жүргізген кезде құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына мәліметтерді дұрыс ұсынуын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- салық органдарының нұсқамаларына сәйкес қарсы салықтық тексерулер бойынша "ҚТЖ" ҰК "АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс жүргізу және қарсы тексеру актісін жасау үшін расталған деректерді ұсыну.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары
- Саладағы мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит; Қаржы, Салық және салық салу; Экономика.
- Еңбек тәжірибесі: мамандығы бойынша немесе қызмет бейіні бойынша 5 жылдан кем емес
Қосымша талаптар:
- Мүмкіндігінше: бухгалтерлік және салықтық есеп пен аудит саласындағы сертификаттардың болуы;
- Кәсіби бухгалтер сертификаты;
- Аналитикалық қабілеттер, коммуникативтік дағдылар, бастамашылық, жауапкершілік;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)