EҚжәнеEҚ жөніндегі жетекші инженері

530000 - 529997 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
105

Қаралған саны:
1430

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • кәсіпорын бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау;
  • кәсіпорын бөлімшелерінде кәсіпорын басшысының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария жағдайын жақсарту бойынша бұйрықтары мен өкімдерінің сақталуын бақылау;
  • кәсіпорын бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттаманың жүргізілуін бақылау;
  • жеке қорғаныс құралдарының, арнайы киім мен аяқ киімнің болуын және жағдайын бақылау;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысу және олардың кәсіпорын бөлімшелерінде болуын бақылау;
  • кәсіпорынды тексеру кезінде анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша нұсқаулар беру;
  • белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік органдар мен жоғары тұрған ұйымдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі есептерді жасау;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария мәселелері бойынша инспекциялаушы органдардың ұйғарымдарын орындау бойынша жауаптарды белгіленген мерзімде дайындау;
  • кәсіпорын жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нормалар мен нұсқаулықтарды білуді тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
  • өндіріске байланысты жазатайым оқиға бойынша актіге енгізілген іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • мамандығы бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;
  • біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы (құпталады).

Білімі мен дағдылары:

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құжаттаманы білу;
  • ҚР Еңбек кодексін білу;
  • мемлекеттік тілді білу, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Ұқсас вакансиялар

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шу машиналандырылған жол дистанциясының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері
Шуская машинизированная дистанция пути | Еңбекпен толық қамтылу | Жамбыл облысы
20.09.2024 |  121
335350 - 350414
"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің Атыраудағы филиалы
Еңбекті қорғау секторы, сапа мен қауіпсіздікті басқару жүйелері бас маманы (аутстаффинг)
"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің Атыраудағы филиалы | Еңбекпен толық қамтылу | Атырау қ.
19.09.2024 |  302
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі Павлодар бөлімшесі"филиалының еңбекті қорғау және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметтерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері
Павлодарская дистанция пути | Еңбекпен толық қамтылу | Павлодар облысы
18.09.2024 |  285
от 335350