"ҚТЖ" ҰК "АҚ филиалының "Шымкент электрмен жабдықтау қашықтығы" өндірістік-техникалық бөлімінің 1 санатты инженері-"Шымкент магистральдық желі бөлімшесі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Еңбек және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын және жұмыс режимін сақтау;
- осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген еңбек міндеттерін сапалы және уақтылы орындау;
- инженердің жұмыс жоспарларын орындау;
- басшылықтың тапсырмаларын орындау; қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңның көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ олар бойынша компанияның, дирекцияның жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қабылдау; компанияның беделі мен имиджін нығайтуға жәрдемдесу;
- жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларда белгіленген іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) Мамандығы: Электр энергетикасы; темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электр станциясының, қосалқы станцияның және желілердің электр жабдығы; салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдық; темір жол жүйелерінің электр және электромеханикалық жабдықтарын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу, Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Автоматтандыру және телекоммуникация.
- Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр