«ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалының вагон шаруашылығы бөлімінің жетекші инженері - «Алматы магистральдық желі бөлімшесі»

360720 - 373404
Алматинское отделение магистральной сети Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
506

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Вагондарды ағымдық ағытып жөндеу жұмыстарына талдау жасау
  • Вагон шаруашылығының (ІЖҚ)кінәсінен жүк және жолаушылар поездарының кідірістеріне талдау жасау;
  • Ағымдағы ағытып жөндеу вагондарының орташа тәуліктік қалдығын есепке алу;
  • Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану туралы хаттамалар мен бұйрықтарды ресімдеу
  • Бөлім қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу, бөлімнің жұмыс уақытын есепке алу бойынша табель жасау және ұсыну;
  • Талдауларды ұсыну: вагон шаруашылығы бойынша айлық, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептер (ЖІӨ);
  • Вагон шаруашылығының (ІЖҚ)кінәсінен қағылған поездар жағдайларын тергеу;
  • Жаңа технологиялық процестерді игеру және оларды өндіріске енгізу бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады;
  • Өз міндеттерінің шеңбері бойынша пойыздар қозғалысын басқару орталығы басшылығының жекелеген нұсқауларын орындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары, орта (техникалық және кәсіптік).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы(Вагондар), Жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету темір жолдардың құрамы (түрлері бойынша);
  • Жалпы еңбек өтілі 5 жыл Міндетті: вагон өндірісі саласында кемінде 2 жыл;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы