«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының жоспарлы экономика секторының еңбекті нормалау жөніндегі жетекші инженері – Семей ЖТ филиалы

от 256853
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
472

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • еңбекті ұйымдастыруды және нормалауды жетілдіру жөніндегі жұмыстар кешенін орындау, оларды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі жұмыс жоспарларын жасау;
  • еңбекақы төлеу қағидалары, тарифтік ставкалар мен жалақылар өзгерген кезде штат кестесін әзірлеу, өндірістік қажеттілікке байланысты немесе контингенттің ұлғаюына (төмендеуіне) байланысты штат кестесін өзгерту;
  • жұмыс көлемінің, пайдалану шығыстарының, кезең шығыстарының өзгеруін ескере отырып, филиал бойынша шығыстардың бюджетін түзету жөніндегі іс-шараларды жасау;
  • филиал қызметкерлеріне еңбекақы төлеу ережесінің негізінде филиал жұмысшыларына, қызметшілеріне сыйлықақы беру туралы ережені әзірлеу;
  • жұмыс уақытын күндізгі есепке ала отырып, ауысым қызметкерлері мен жұмыскерлер үшін жұмыс кестелерін әзірлеу, жұмыс уақытын есепке алу табельдерін ай сайын тексеру;
  • штат кестесіне сәйкес контингенттің ұсталуын бақылау;
Біліктілік талаптары:
  • білімі - жоғары;
  • мамандығы - көлік, көліктік техника және технология; көлік қозғалысын, тасымалдауды ұйымдастыру және пайдалану, ;
  • еңбек өтілі - инженер қызметінде кемінде 5 жыл жұмыс істеу

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр