Қаржы департаменті қазынашылық басқармасы жетекші маманы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар:
Білімі:
- Жоғарғы қаржылық білім. Тиісті жұмыс профилі бойынша магистр дәрежесінің болуы/ менеджмент/экономика/қаржы/МВА/ т.б. (қалаулы).
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
- Кем дегенде 4 жыл.
Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):
- Кемінде 4 жыл (қаржы саласында, мұнай-газ компанияларында).
Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:
- В1 (қаз), Pre-Intermediate (англ.).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнама;
- Мұнай-газ саласындағы заңнама;
- Қазақстан Республикасының банк ісі және валюта заңнамасын;
- Экономика және қаржы, бизнес-жоспарлау процестері саласында;
- Қаржы институттарындағы қаржыландыру схемалары мен құрылымдары;
- ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздерін;
- Өрт және экологиялық қауіпсіздікті;
- Сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін;
- Мемлекеттік және ағылшын тілдерін (ауызша және жазбаша) білу қажет.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Талдау дағдыларының болуы;
- Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүйелеу, есепке алу және құжаттау дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
- Кассалық олқылықтардың алдын алу мақсатында, ҚМГ кассалық жоспарын қалыптастыруды, нақтылауды және орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- ҚМГ қаржы құралдарын есепке алу мақсатында қаржы құралдары бөлігінде таниды;
- Төлем тәртібін қабылдау мақсатында жер қойнауын пайдаланушыларды қаржыландыру мәселелері бойынша келісімдерді келіседі;
- Ипотекалық депозиттерге қатысты мәселелерді қолдау үшін банктермен өзара іс-қимыл жасайды;
- Бизнес-процестерді ресімдеу мақсатында қазынашылық мәселелерін реттейтін ішкі нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелерді әзірлеуге қатысады;
- Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды, анықтамаларды, хаттарды, сұраныстар мен есептерді дайындайды және қазынашылық қызметіне қатысты ҚМГ басшылығының тапсырмаларын орындайды;
- ҚМГ айналым қаражатының (дебиторлық/кредиторлық берешек) мониторингін жүзеге асырады, мерзімі өткен берешекті қайта құрылымдау бойынша шараларды, оның ішінде ҚМГ шығындарын барынша азайту мақсатында ҚМГ күмәнді борыштары бойынша резерв құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
- ҚМГ қаржы құралдарын бухгалтерлік есепте есепке алу мақсатында дебиторлық берешек бөлігінде таниды;
- ТЖҚ сатып алу шарттары бойынша өсімпұлды есептеу - ТЖҚ сатып алу шарттарының әкімшілері болып табылатын ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің өтініші бойынша есептеу міндеттерін атқарады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Инвестициялық жобалар бойынша жетекші менеджер
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.09.2024 | 131
«Инфрақұрылымды басқару дирекциясы» филиалы шоғырландырылған-талдау департаментінің бас менеджері
"Казпочта" АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.09.2024 | 442