Инновациялық өнім жөніндегі менеджері

"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
287

   Конкурс туралы

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Өнімді енгізу тәжірибесі және жобаларды басқарудың  әртүрлі әдістерінің практикалық білімі (Agile, Scrum, Prince2, Kanban және басқа)
  • Алдыңғы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл
  • Жоғары білім
  • Жетілдірілген ағылшын тілі
  • Жоспар әзірлеу,  өнімдерді/жобаларды енгізу, іске асыру, тәуекелдерді талдау, проблемалық мәселелер мен өзгерістерді бақылауды жүзеге асыру.
  • Авиакомпанияның өндірістік процестері мен өнімдерін білу, сұраныс бойынша мониторингті және оларды оңтайландыруды жүзеге асыру.
  • Маңызды сұрақтарды шешуде жауапкершілікті алуға дайын болу, топтық жұмыстың оң тәжірибесі, белсенділік, жоғары коммуникативті дағдылар, тиімді келіссөздер мен презентациялар жүргізу тәжірибесі, бейімделу мен икемділіктің жоғары деңгейі, стресстік жағдайларда және қатаң мерзімдерде жұмыс істей білу

Міндеттері:

  • Әуекомпания талаптарына сай келетін және экономикалық тұрғыдан тиімді болатын жаңа және инновациялық шешімдерді зерттеу және енгізу;
  • Жобаларды түрлі департаменттермен және сырт партнерлермен бірлесіп басқару
  • Басқару жұмысын тиімді ұйымдастыру және проектілерді уақытылы жүргізіп, қажетті уақытты бағалау арқылы департамент басшысына жобаларды басқару бойынша көмек көрсете білу
  • Енгізілген жаңа және инновациялық шешімдердің техникалық проблемаларын уақытылы жою
  • Жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және басқаруға қатысу
  • Өз құзыреті шеңберінде шарттар мен бюджеттің орындалуын үйлестіру