Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс департаментінің Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары, Ұлытау және Абай облыстары бойынша өңірлік бөлімшенің Абай облысы бойынша жетекші маманы (ӨТБ)

Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Семей қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
266

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жергілікті атқарушы органдардан және бас мердігерден Жобаның өңірдегі барысы туралы ақпаратты қабылдау, жинау және орталық аппаратқа жіберу;
  • облыстағы (орталық аппарат) құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы ақпаратты жинау, талдау және басшылыққа дайындау;
  • ұлттық пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын басшылық және басқа да ұйымдар мен мемлекеттік органдар үшін есептер мен презентация материалдарын дайындау;
  • заң бөлімінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар мен қосымша келісімдерді дайындауын бақылау.
  • сәулет-жоспарлау тапсырмаларын, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосудың техникалық шарттарын алуды қоса алғанда, бастапқы рұқсат беру құжаттамаларын жинауды қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органның ұйымдарымен және құрылымдық бөлімшелерімен келісу;
  • мердігерлерге жобалық-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ), жер учаскелерін және құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға арналған актіні (бұдан әрі – ЖСҚ) беруге қолдау көрсету;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бақылау;
  • бас кеңседе облыстағы техникалық және сәулеттік қадағалау мамандарының, инженерлік-техникалық персоналдың мердігерлерге ақы төлеуге, орындалған жұмыстардың актілеріне бекітілген көлемдерді қолдау;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының және технологиялық (бұдан әрі – ТК) жабдықтар мен жиһаздың орындалу мерзімін бақылау;
  • атқарушылық құжаттаманың жинақталуын бақылау.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіптік білім (лауазым бейініне сәйкес);
  • Мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын қоспағанда) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 (үш) жыл;
  • Мемлекеттік тілді және орыс тілін білу;
  • Жауапкершілік, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, өз бетімен және топпен жұмыс істей білу.

Шарттары:

  • 1 жылдан кем емес мерзімге еңбек шартын жасау;
  • Толық уақыт, 5/2;
  • Ұлттық ірі жобалардың бірінде тәжірибе жинақтау;
  • Мақсатты индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша бонустық төлемдер.