Аға менеджер, Жобаларды сараптау және мониторингілеу секторы

«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
28

Қаралған саны:
1602

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • инновациялық және технологиялық бастамаларды қабылдау, қарау, іріктеу мәселелері бойынша үміткерлерге кеңес беру;
  • алдын ала өтінімдерді қабылдау және валидациялау, өтінімдерді қабылдау және бастапқы тексеру;
  • өтінімдерді қарау процесін қамтамасыз ету және қолдау;
  • сараптамалардың нәтижелерін өңдеу, Қордың ғылыми-техникалық кеңесінің қарауына өтінімдер бойынша материалдарды дайындау процесін қамтамасыз ету;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарының инновациялық және технологиялық диагностикасын жүргізуге қатысу, технологиялық міндеттердің тізбесін қалыптастыру;
  • келіп түскен алдын ала өтініштер мен сұраныстар бойынша есепке алу мен талдау жүргізу, Сектор құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат дайындау;
  • уәкілетті салалық органның қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ҒЗТКЖ жобаларын (және ілеспе материалдарды) келісу және есепке алу процесін қамтамасыз ету;
  • ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • ҒЗТКЖ қаржыландыру бойынша бизнес-процестерді жетілдіруге қатысу;
  • ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысу;
  • халықаралық және отандық ұйымдармен, университеттермен және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнату бойынша жұмыстарға қатысу.

Талаптар:

  • Жоғары техникалық білім (атом энергетикасы/өнеркәсібі), магистр дәрежесі;
  • Жобаларды басқару саласындағы сертификаттардың болуы;
  • Жобалармен жұмыс істеу және жобаларды үйлестіру бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі;
  • Атом өнеркәсібі, ғылыми зерттеулер, коммерцияландыру, инвестициялау саласындағы білім мен тәжірибе;
  • Тілдерді еркін меңгеруі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі (кемінде Upper intermediate).

Шарттары:

- бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);
- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- әлеуметтік пакет;
- Қызықты жобаларға қатысу.

Қажетті қабілеттер

  • Знания технических и естественных наук, техническое мышление, аналитические способности.

Қажетті білім дәрежесі

  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)