«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Ақтоғай станциясының есеп бөлімінің бастығы - «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» (НЖС-7)

444075 - 463895
Алматинское отделение магистральной сети Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
829

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиал қызметкерлерінің еңбекақы қоры мен саны бойынша жоспарларды әзірлеу;
  • Тұтастай НЖС және кәсіпорын бойынша еңбек жоспарының орындалуы туралы есеп дайындау;
  • Басқару функциялары бойынша қызметкерлер санын анықтау және штаттық нормативтерге сәйкес құрылымдық бөлімшелердің ауытқуларды анықтайды және мұндай ауытқулардың себептерін әзірлеп, жою туралы ұсыныстар әзірлейді;
  • Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша бағдарламалардың жобаларын және жылдық жоспарларды дайындауға қатысу;
  • Еңбек жоспарына сәйкес штаттық кестені жасауға қатысу, еңбекақы қорының жұмсалуын және бүкіл сала бойынша штаттық тәртіптің сақталуын бақылайды;
  • Тарифтік мөлшерлемелердің, лауазымдық жалақылардың, сыйлықақылар мен еңбекақы коэффициенттерінің, белгіленген сыйлықақылардың, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелерінің дұрыс қолданылуын, тұтастай алғанда сала бойынша еңбекақы қорының жұмсалуын қадағалау;
  • Құрылымдық бөлімшелерге еңбекке ақы төлеу және еңбекті реттеу, материалдық ынталандыру мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді, штат кестесін жасау, басшылықтың еңбегіне ақы төлеу бойынша кәсіпорындар тобының өндірістік персоналының нормативті санын анықтау бойынша есептеулер жүргізу;
  • Еңбекке ақы төлеу ережелеріне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында қызметкерлермен кездесуге қатысу;
  • Фотохронометриялық бақылауларды ұйымдастыру, себептерін зерттейді жұмыс уақытын жоғалту және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  • Еңбек заңнамасының, қызметкерлердің тарифтік және біліктілік анықтамалықтарының сақталуын бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғарғы (жоғарғы оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Экономика; Қаржы, Есеп және аудит.
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы