электромеханик

306810 - 325044
Семейская дистанция электроснабжения Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
619

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Электр шаруашылығында құрылғыларды күшейту және жөндеу, ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау.
    2. Электр құрылғыларына қызмет көрсету барысында еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
    3. Қорғаныс құрылғыларын түгел болуын бақылау, саймандар мен монтаждау құрылғыларын бақылау, өрт қауіпсіздігі құралдарының жағдайы дұрыс болуын және барлық құралдардың уақтылы жөндеу жұмыстарынан өтіп толықтыруын бақылау.
    4. Бектілген аумақта экология және  өрт қауіпсіздігін қамтамыз ету.
    5. Әр қашан қалпына келтіру құрылғылары мен көліктің, апаттық қор және олардың дұрыс болуын қадағалау.
    6. Қызмет көрсететін жұмысшылардың жұмыс уақытын бақылап есептеу, есептердің дұрыс болуын (техникалық паспорттар, кестелер мен сызбалардың) техникалық құжаттардың жүргізілуі дұрыс балуын қамтамасыз етіп бақылау.
    7.  Жұмысшылардың жылдық және аусымдық медициналық тексеруден өтуін бақылау.
    8. Желілік аудандардың электр монтерлердің экзамен тапсыруларын бақылау.
    9. Бекітілген аумақта қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау, экологиялық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
    10. Санитарлық нормаларды орындалуын қамтамасыз ету.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж