Жанаесил станциясы техникалық қызмет көрсету пунктінің вагондарды және контейнерлерді жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі операторы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің , багаждың және жүк багажының сақталуын, техникалық құралдарды тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауды сөзсіз қамтамасыз ете отырып, жолаушыларды, жүктерді, багажды және жүк багажын тасымалдауға қажеттілікті қанағаттандыру;
Жұмысты бастамас бұрын жоспарлау мәжілісінде өз міндеттеріне сәйкес көлімі бойынша қабылданған бұйрықтармен және нұсқауларымен танысып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өту. Слесарлік-өлшеу құралдарының, бақылау-өлшеу құралдарының , берілген сигналдық керек-жарақтардың жиынтығының, сөрелерде қажетті вагон бөлшектерімен материалдарының қолжетілімдігін және жұмысқа жарамдалығын тексеру, сондай-ақ өзінің және оның қарауына бекітілген оқушысының арнайы жұмыс киім мен аяқ киім, арнайы техниканың жұмысқа жарамдылығын тексеру, қажет болған жағдайда ауысым бастығы арқылы анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдау.
Вагон операторына парктің хабарлау жүйесі арқылы вагондар туралы ақпарат беру:
а) қосалмаған жөндеу;
б) ағытпаны ағымдағы жөндеу;
в) жөндеудін жоспарлы түрі;
г) түгендеуден шығару;
д) сонымен қатар рельстен шыққан және апаттар, маневрлер, тиеу-түсіру және тағы басқа кезінде зақымдалған вагондарды жазбаға тіркеу үшін жаныңда арнайы дәптердің болуы;
Ақаулар анықталған кезінде вагондарды қараушы-жөндеушісі вагон кузовына, платформа жағына және цистерна қазандығына бор таңбаларды салады. Вагондарды, поезді қарау аяқталғаннан кейін вагондарды қараушы-жөндеушісі сапалы жөндеу жұмыстарын атқару қажет. Ақаулықтарды жойғаннан кейін вагон корпустарындағы бор белгілерін өшіру керек, вагон операторына жұмыстың аяқталғаны туралы хабарлау керек.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім