Әуе кемесінің техникалық құжаттама және сыртқы көрініс жөніндегі аудиторы

"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
253

   Конкурс туралы

ҚЫЗМЕТ СИПАТТАМАСЫ:

Әуе кемесінің техникалық құжаттама және сыртқы көрініс жөніндегі аудиторы тәуелсіз тексерiс жүргізіп, авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA), Ирландия азаматтық авиация департаментінің (IAA), Азаматтық авиация комитеті талаптарына сәйкес келмейтіндігін анықтап, авиакомпанияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қамтамасыз етеді. Әуе кемесінің техникалық құжаттама және сыртқы көрініс жөніндегі аудит бойынша жұмыстар Азаматтық авиация комитетімен, (CAC KZ), CAA, IAA, ICAO, және EASA-бөлімi ережелерiмен орындалады.

МІНДЕТТЕР:

  • Әуе кемесінің аудитін МСС, коммерциялық инжиниринг, корпоративтік қауіпсіздік сәйкестігi департаментімен және қажет болған жағдайда билік органдарымен (Ирландия, CAC немесе EASA) келісу арқылы ұйымдастыру.
  • Ирландия немесе Лизинг берушi сыртқы аудиттерiне дейін  әуе кемесінің ішкі аудитін жүргізіп және сыртқа аудитқа дейін ескертпелердi жабуға жеткілікті уақыт беру.
  • Cәйкессіздіктердi белгіленген мерзімде түзету әрекеттерін орындауын қадағалау.
  • Integrated Quality and Safety Management System (IQSMS) бағдарламасында сәйкессіздіктер табылғаннан кейін сәйкессіздік туралы есеп берудi ашуға және жауапты адамды түзету әрекетін орындауға тағайындау.
  • Сәйкессіздіктерді жауапты тұлғаның дұрыс түзеткеніне, тармақтарды толтырғанына көз жеткізіп, содан кейін IQSMS жүйесінде қажетті құжаттарды қоса тіркеп жабу.
  • Аудитті өз бетінше және аудит жоспарына сәйкес жүргізу.

ТАЛАПТАР:

  • Бакалавр дәрежесінің дипломы
  • Қажет болған жағдайда уақытынан тыс, демалыс күндері, түнде жұмыс істеуге дайын болу
  • Ағылшын тілінде оқи, жаза, еркін сөйлей және түсіне білуі керек
  • Компанияда  жұмыс істеу, компанияның авиапарк түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі болу абзал.
  • MS Office және Adobe Acrobat компьютерлік бағдарламалары бойынша тәжірибелі қолданушы деңгейінде білу.
  • Авиациялық техниканы басқарудың автоматтандырылған жүйесін (TRAX) өз міндеттерін орындау үшін жеткілікті мөлшерде білу (сынақ мерзімінің соңына дейін).
  • Жұмыс уақытын ұйымдастырушылық және жоспарлау дағдылары.