МІНДЕТТЕР:
- Тиісті бөлімнің шығыстарының сипатына сәйкес кәсіпорынның шығындарын көрсету.
- Бастапқы құжаттаманың дұрыс және уақтылы орындалуын бақылау, шығындарды есепке алу операцияларын бақылау.
- Тиісті бөлімнің келісім-шарттарын қарастыру, келісім-шарттарға сәйкес шығындардың дұрыс көрсетілуін бақылау.
- Кәсіпорын қызметіне қаржылық талдау жүргізу.
- Нұсқауларды құрастыру және контроллерлердің жұмысын оңтайландыру шараларын әзірлеу
- Жабдықтаушыларға төлемдердің уақтылы орындалуын қадағалау.
- Қаржылық есеп беру, салықтар және басқарушылық есеп мақсаттары үшін шығындарды талдау.
- Тиісті бөлімге бухгалтерлік есеп, есеп беру және қызмет көрсету көлемі бойынша кеңес беру.
- Қаржылық кезеңдердің жабылуын қадағалау.
ТАЛАПТАР:
- Бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика мамандықтары бойынша жоғары білім.
- Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі – 1-2 жыл
- Бухгалтерлік есеп, МСФО негіздерін білу.
- Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын білу.
- Excel бағдарламасын терең меңгеру.
- Ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес білу.
- Белсенділік, жауапкершілік, бастамашылық.
- Топтық жұмыс дағдылары.