Қоршаған ортаны, өндірістік кәуіпсіздікті және еңбекті қорғау жөніндегі инженер (уақыытша, негізгі жұмыскерді алмастыру кезеңіне)

"Ақтау" Магистральды газ құбырлары басқармасы филиалы Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
354

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың орнатылған есебін жасайды;
  • Филиал объектілерінде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлейді, іс-шаралар жоспарының орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді және талдайды. Жыл соңында іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп дайындайды;
  • өндірістік бақылау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
  • ішкі бақылау комиссиясының жұмысына қатысады;
  • филиал қызметкерлерінің мамандандырылған оқу орталықтарында, ҒТО-да өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау, оқыту және білімін тексеруден өтуін есепке алуды және бақылауды жүргізеді.
  • Филиалдың ПБ және ЕТ бөліміне өндірістік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік  мәселелері бойынша оқытуға, қайта даярлауға және білімін тексеруге жататын қызметкерлердің тізімін ұсынады;
  • өз құзыреті шегінде ұйымдастырушылық, әкімшілік және нормативтік құжаттарды келісу және бекітуге қатысады;
  • төтенше жағдайларды жою жоспары бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, апаттық жаттығулар мен жаттығуларды өткізуді бақылайды;
  • тиісті қызметтердің (бөлімдердің) бастықтарына, аппатарды жою жоспарларын, оқу дабылдарының жоспарын және апатқа  қарсы жаттығулардың кестелерін, жедел өрт сөндіру жоспарларын әзірлеуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ объект персоналы мен мердігерлік ұйымының өрт сөндіру командасының қатысуымен осы іс-шараларды бақылайды;
  • өрт қауіпсіздігі , еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда; филиалдың (ЖӨБ) қажеттіліктері бойынша бюджетке негізделген өтінімдерді уақтылы қалыптастырады және ұсынады; 
  • өртке қарсы автокөліктердің, өрт-техникалық құралдардың, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің сақталуын және дұрыс жұмыс істеуін бақылап ұйымдастырады;
  • өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес Филиалдың жаңадан іске қосылатын және реконструкцияланатын объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс комиссияларына қатысады;
  • тікелей басшының және Департаменттің тапсырмасы бойынша бұйрықтардың, шешімдердің, өкімдердің, қызметтік жазбалардың, әдістемелік және ақпараттық құжаттардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
  • қауіпсіздік бойынша мінез-құлық аудитінің жүргізу кестесін әзірлеуді ұйымдастырады, ай сайынғы талдау жүргізеді және Филиалдың жүргізген аудиттері бойынша ай сайынғы есеп жасайды;
  • өрт қауіпсіздігі жөніндегі жаңа нұсқаулықтарды, өртке қарсы нұсқау бағдарламасын, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамаларды әзірлеуді және қолданыстағыларын қайта қарауды жүзеге асырады;
  • жөндеу жұмыстарын (отты, газға қауіпті) жүргізу кезінде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, жеке және ұжымдық қорғау құралдарының болуын, жарамдылығын, дұрыс пайдаланылуын және қолданылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Филиал объектілерінде мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторингті жүзеге асырады, қоғамның ІНҚ -да көзделген барлық қажетті құжаттардың ресімделуін қамтамасыз етеді;
  • басшылық құжаттардың, технологиялық регламенттердің, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын әзірлеуге қатысады, келіседі;
  • мемлекеттік уәкілетті органдардың өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша филиал объектілерін тексеруі кезінде жұмысқа қатысады;
  • Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоғам шешімдерінің, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының нұсқамаларының орындалуына, қызметтердің, филиал бөлімдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі қызметінде практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
  • қызмет басшысының және қызметтің жетекші инженерінің тікелей басшылығымен еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады
  • қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты ресімдеуді жүзеге асырады, өтінім материалдарын дайындайды (қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды және сайтта рұқсат алу үшін өтінімді қалыптастырады elicense.kz);
  • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын (сайттағы электрондық есеп company.ecogov.kz), ҚОҚ бойынша статистикалық және басқа да есептерді орындау бойынша белгіленген есептілік нысандарын уақытылы ұсынуды жүзеге асырады.
  • экологиялық құжаттаманы әзірлеу кезінде бастапқы ақпараттарды дайындайды және жинайды (НДВ, ҚҚС жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, парниктік газдарды түгендеу, УСК бағдарламасы);
  • ластаушы заттардың шығындарын, қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлем мөлшерiн есептеудi, есепке алуды жүргiзудi, нақты шығындарды талдауды, сондай-ақ белгiленген нормативтердi бақылауды жүзеге асырады;
  • филиалдың экологиялық аспектілерін анықтайды, қалдықтардың тізімдерін жасайды;

Талаптар:

  • Білімі: тиісті мамандық бойынша жоғары білім (экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік);
  • Еңбек өтілімі: тиісті мамандық бойынша 1 жылдан кем емес.
  • Кандидаттың наақтылыықты тұрғылықты мекен-жайы Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр