Геологиялық-геотехнологиялық қызметтің инженер-геологы

«Семізбай-U» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
176

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• кен орындарын игеру және пайдалану кезінде геологиялық жұмыстар кешенін орындайды; • жоспарлардың, технологиялық регламенттердің орындалуын, жұмыс сапасының, белгіленген нормалар мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды; • кен орнының, учаскелердің, жекелеген блоктардың геологиялық, гидрогеологиялық ерекшеліктерін зерделейді; • кәсіпорынның жоспарлары мен жобаларын әзірлеуге қатысады; • кен орнын игеру жобаларының және келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын авторлық қадағалауды, бақылауды және талдауды ұйымдастырады және жүргізеді; • геологиялық барлау және пайдалану-барлау жұмыстары мен технологиялық бұрғылауды геологиялық және геотехнологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырады және жүргізеді; • геологиялық ақпаратты жинауды, оның сапасын бақылауды ұйымдастырады; • бастапқы геологиялық құжаттама жазбаларын және геофизикалық деректерді бастапқы өңдеуді бақылайды; • жұмыс ауданының геологиялық құрылымын сипаттайтын графикалық материалдар (схемалар, карталар, қималар, жоспарлар, диаграммалар және т.б.) жасайды; • сопост бойынша жұмыстар жүргізеді

Білім:

Тиісті дипломмен расталған инженерлік пәндер бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білім.

Дағдылар:

Білімі: • геологиялық-геофизикалық ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу үшін кәсіпорында және салада пайдаланылатын геоақпараттық жүйелер; • игерілетін кен орнының геологиялық құрылымы; • кен денелерін ашу және өңдеу жүйелері; • жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалану және қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер; • геологиялық зерттелуі және кен орнының геологиясы туралы қазіргі заманғы түсініктер; • геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу технологиясы және оларды жүргізу сапасына қойылатын талаптар; • сынамалау және уран қорларын есептеу әдістемесі; • тау жыныстарын зерттеу әдістері; геологиялық материалдарды есепке алу және сақтау ережесі; • қолданылатын геологиялық жабдықтың, аспаптардың, аппаратураның түрлері және оларды техникалық пайдалану мен метрологиялық қамтамасыз ету қағидалары; • геологиялық зерттеулер жүргізудің отандық және шетелдік озық тәжірибесі; • геологиялық құжаттаманы ресімдеу ережелері; • геологиялық матаны өңдеуге арналған техниканы қолдану нұсқаулықтары мен ережелері

Қосымша:

Топтық жұмыс және нәтижеге бағдарлану. Ұтымды ұсыныстарды ұсыну және жүзеге асыру. «Үнемді өндіріс» технологиясы, әзірлеу және енгізу

Білетін тілдер:

қазақ, орыс