«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - «ЖТ Алматы бөлімшесі» филиалы Достық станциясының белгі берушісі

199670 - 208389
Станция Достык (ДС Достык) Достық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
114

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Алдағы жұмыс жоспарымен танысып, қолда бар нұсқаулармен және өкімдерге  сай поездарды қабылдау мен жөнелту.

Өзіне сеніп тапсырылған парк жолдарындағы және арнайы стеллаждардағы, жолдарға қойылған  табантіректердің бар жоғын, жарамдылығын тексереді;

Жұмыс орнындағы техникалық құжаттаманы, сигнал беру жабдықтарын және басқа да қатаң есепке алынған құралдарды тексеру;

Кезекшілікті қабылдар алдында тексеру жұмыстарынан кейін, журналдарда тиісті жазба жасайды, форма ДУ-67 тіркеу журналына жазба жасайды. Станция кезекшісінің нұсқауы бойынша станцияның техникалық нұсқаулық актісі (ТРА) бойынша поезд құрамдарын табантіректермен бекітіп, жөнелтілетін поездардан табантіректеріді алу. Табантіректердің жұмысқа жарамсыздығы анықталған жағдайда табантіректерді пайдалудан алып, табантіректердің номерін көрсете отырып тиісті журналға жазба жасайды, станция кезекшісіне қол қойдырып акт толтырады. Барлық келетін және кететін жолаушылар және жүк пойызы бойынша станция кезекшісіне баяндама жасайды, соңғы вагонда қорғаныш белгісінің бар жоғын хабарлайды. Поезд құрамындағы вагондарда техникалық және коммерциялық ақаулықтардың бар жоғын хабарлайды. (Олар жүктің жылжуы, вагондағы жүктердің ағуы, люктерінің ашық болуы, байланған сымдарының, ағаштарының бұзылуы, тежегіш коллодкаларының қысылып тұруы) Осындай ақаулар анықталған жағдайда станция кезекшісіне радиобайланыс арқылы хабарлайды. Жылжымалы құрамның белгіленген жол габаритінен асып кетпеуін, талапқа сай орналасуын қамтамасыз етеді; Станция парктерінде қызметтік нұсқауларын орындау барысында жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтауы тиіс;

Біліктілік талаптары:

Білімі 

Орта  

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек өтіліне талап қойылмайды

Қосымша талаптар:

жоқ

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім