"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Солтүстік" Жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының сервистік қызмет көрсету секторының жетекші инженері

от 362178
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Северный" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
81

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қалыптастыру/айналым пунктінде және жүру жолында жолаушылар пойыздарын тазарту және санитарлық-гигиеналық құралдармен жарақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу туралы өтінімдерді, ақпаратты, мәліметтерді сапалы, толық көлемде, уақытылы және нақты ұсыну;
  • жолаушылар пойыздарын тазарту және санитарлық-гигиеналық құралдармен жарақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу қорытындылары бойынша уақытылы шарттар жасасу;
  • сатып алудың жылдық жоспарына енгізу үшін жолаушылар пойыздарын тазарту және санитарлық-гигиеналық құралдармен жабдықтау бойынша қызметтердің қажеттілігі туралы ақпаратты уақытылы қалыптастыру;
  • филиалдың жабдықтау және сатып алу бөліміне, жоспарлау-экономикалық бөліміне тендер өткізуге өтінімдер, клининг қызметі және жолаушылар пойыздарын санитарлық-гигиеналық құралдармен жарақтандыру бойынша бюджетке қосуға және бюджетті түзетуге өтінімдер беру;
  • вагондардың санитариялық-техникалық жай-күйіне, олардың Санитариялық қағидаларға сәйкес қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыру;
  • пойыз бригадалары қызметкерлерінің санитариялық қағидаларды бұзу жөніндегі тәртіптік комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша тәртіптік комиссияның отырысына материалдар дайындауды ұйымдастыру, хаттамаларды, бұйрықтардың жобаларын, тиісті инстацияларға жауаптарды ресімдеу;
  • жолаушыларды отырғызу/түсіру кезінде және жолаушылар пойыздарының Қоғамның Корпоративтік стандартының талаптарына сәйкестігі бөлігінде жол жүру жолында жолаушылар пойыздарының құрамын жоспарлы және кенеттен тексеру жүргізуге қатысу; пойыз бригадалары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының талаптарын, жолаушылар пойызы бастығының және жолаушылар вагонының жолсерігінің лауазымдық нұсқаулықтарын сақтауы, пойыз бригадалары қызметкерлерінің нысанды киім кию тәртібін сақтауы; жолаушыларға арналған көрнекі ақпараттың вагондарда болуы және белгіленген талаптарға сәйкестігі; алынбалы мүкәммалдың, құрамның төсек-орын жабдықтарымен, шай өнімдерімен, дезинфекциялау құралдарымен, құрал-саймандармен және     т. б. толық жабдықталуы;
  • пойыз бригадаларының қызметкерлері тасымалдаған бригадирлік конверттердің есебін жүргізу және олардан табыстың түсуі;
  • жол жүру жолында жолаушылар пойыздарын тексеру кестесін жасау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары кәсіби техникалық, экономикалық;
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы (вагондар); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Экономика; Менеджмент; Маркетинг.
  • Мамандығы:  жұмыс өтілі бойынша кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Ұқсас вакансиялар

"Жолаушылар тасымалы "АҚ"қала маңындағы тасымалдар" филиалының техникалық саясат бойынша функционалдық бағыттың 3-деңгейінің менеджері
Филиал "Пригородные перевозки" | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
20.09.2024 |  262
от 362178
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақмола бөлімшесі" (НОД-1) филиалы Астана пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-11) жүк қозғалысы Атбасар электровоз машинисінің көмекшісі
ТЧЭ-11 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
20.09.2024 |  676
221431 - 221431
Микропроцессорлық және автоматтандырылған жүйелерді енгізу және сүйемелдеу бөлімінің бас маманы теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығы магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі
Центральная лаборатория автоматики и телемеханики | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
20.09.2024 |  85
389578 - 403276