4-разрядты ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЛАБОРАНТЫ ГАЗДАН ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ

ПетроҚазақстан Ойл Продактс Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
1337

   Конкурс туралы

Міндеттері:

    • Талдауларды аспаптарды пайдалану бойынша әдістерге және талаптарға сәйкес жүргізеді және жүргізілетін талдаулардың айқындылығын және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді, тиісті актілер береді.
    • Күннің белгіленген ішкі еңбек тәртібін сақтайды.
    • Зертхананың аспаптары мен жабдықтарын дұрыс пайдаланады.
    • Зиянды және қауіпті заттардың қасиеттерін, олардың адам ағзасына әсерін, кәсіпорын аумағында объектілердің орналасуын, олардың негізгі аппараттарының құрылысы мен процестерін, пайдаланылатын зиянды және қауіпті заттарды біледі.
    • Авариялар кезінде жақын орналасқан өндірістік жайлар мен аумақтарда зиянды заттардың болуына ауа ортасын бақылауды жүзеге асырады.

     

    • Жұмыстарды жүргізуге рұқсат қағаздарда дұрыс және айқын жазбалар жүргізеді, зертхананың қызметтік құжаттарын уақтылы және дәл толтырады.

     

    • Ауа ортасын бақылау кестесінің орындалуын қамтамасыз етеді.
    • Рұқсат етілген нормадан асып кететін зиянды және жарылысқауіпті заттардың концентрацияларын тапқан жағдайда тез арада объектінің басшысына және жасақ командиріне хабарлайды.

     

    • Өзіне бекітілген зертханалық мүліктердің сақталуын, тұтастығын, жарамдылығын және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
    • Өзінің жұмыс орнын, зертхананың аспаптарын және жабдықтарын ұқыпты және таза ұстайды.
    Тыныс алу мүшелерінің жеке қорғану құралдарын пайдалана алады, алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсете алады.

Талаптар:

  • Арнайы орта білімі немесе өндірістік-техникалық оқу курстарында арнайы дайындығы

Шарттар:

  • әлеуметтік пакет
  • жеткізу