Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4, 5 разрядты электрмонтер Уран өндірісінің "В" цехы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
4 разряд: Білуі керек: электроника негіздерін; тұрақты және ауыспалы ток электр қозғалтқыштарының, қорғау және өлшеу аспаптарының, коммутациялық аппаратураның әртүрлі типтерінің құрылымын; электр қозғалтқыштары мен электр аппараттарын тексерудің, жөндеудің, құрастырудың, орнатудың және қызмет көрсетудің неғұрлым ұтымды тәсілдерін, оларды артық кернеуден қорғау тәсілдерін.; релелік қорғаныстың мақсаты; барынша ток қорғанысының жұмыс істеу принципі мен схемасы; ток жүктемесіне байланысты сымдардың, балқымалы ендірмелердің және қорғаныс аппараттарының қималарын таңдау; жартылай өткізгіш және басқа да түзеткіштердің құрылысы мен жұмыс қағидаты; барлық үлгідегі электр сымдарын орындауға қойылатын техникалық талаптар; жөндеу кезінде қолданылатын электр оқшаулау және жүргізілетін материалдардың номенклатурасы, қасиеттері және өзара алмасушылығы; жөндеуден кейін іске қосу-реттеу аппаратурасы бар электр жабдығын реттеу-тапсыру жұмыстарын жүргізу және тапсыру әдістері; қызмет көрсетілетін жабдықты баптаудың негізгі электрлік нормалары, оларды тексеру және өлшеу әдістері; жабдықтың, қоректендіру көздерінің жұмыс істеу принципі; күрделі бақылау-өлшеу құралының құрылысы, мақсаты және қолдану шарттары; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы; 1000 В дейін электр қауіпсіздігі бойынша III рұқсат тобынан төмен емес көлемде электр қондырғыларында жұмыс істеу нормалары мен қағидалары. 5 разряд: Білуі керек: телемеханика негіздерін; әртүрлі электр машиналарының, электр аппараттарының, өлшеу және автоматты реттеу электр аспаптарының құрылысы мен электр схемаларын; ең жоғары ток қорғанысының мақсаты мен негізгі талаптары туралы жалпы мәліметтерді; электр жабдығы мен кәбіл желілеріне сынақ жүргізу әдістері; электр қозғалтқыштары мен басқа да қызмет көрсетілетін электр жабдықтарының схемалары; әртүрлі жүйелердің релесінің құрылғысы және оны тексеру және баптау тәсілдері; жоғары қуаттағы электр машиналарын, күрделі электр жабдығын бөлшектеу, құрастыру, жөндеу және баптау бойынша жұмыс тәсілдері мен операциялардың бірізділігі; электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын сынау ережесі; электр қондырғыларында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру, жұмыс істеп тұрған электр жабдықтарын қадағалау және қызмет көрсету тәртібі; жөндеу кезінде қолданылатын аспаптарды пайдалану үшін қажетті геометриялық қисықтарды құру; түрлендіргіштердің, машина және шам генераторлары бар жоғары жиілікті қондырғылардың жұмыс принципі; фи косинусын арттыру үшін статикалық конденсаторларға қажеттілікті есептеу; электр қозғалтқыштарды орталықтандыру және теңгеру тәсілдері; жоғары жиілікті қорғаныстардың мақсаты мен түрлері; бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережесі; электр термиялық қондырғылардың құрылысы және жұмыс принципі.Білім:
Техникалық және кәсіби деңгейден төмен емесДағдылар:
4 разряд: Орындай білуі тиіс: біліктілігі анағұрлым жоғары электр монтерінің басшылығымен кез келген мақсаттағы, барлық типті және габаритті электр жабдықтарын бөлшектеуді, күрделі жөндеуді жүргізу; жөндеуден кейін электр жетектерінің аппаратуралары мен аспаптарын реттеу және тексеруді жүргізу; күшейткіштерді, жарық және дыбыс сигнализациясының аспаптарын, контроллерлерді, басқару бекетін, магниттік станцияларды жөндеуді жүргізу; қосудың күрделі схемалары бар күштік және жарықтандыру электр қондырғыларына қызмет көрсетуді жүргізу; ведомстволық электр станцияларында, трансформаторлық электр қосалқы станцияларында оларды кернеуден толық ажыратып жұмыстарды орындау; трансформаторларды, ажыратқыштарды, айырғыштарды және олардың жетектерін құрылымдық элементтерді бөлшектей отырып, электр желілерінде жедел ауыстырып қосуды орындау; люминесцентті жарықтандыру схемаларын тексеруді, монтаждауды және жөндеуді жүргізу; кернеуі 35 кВ дейінгі кәбіл желілеріндегі енгізу құрылғылары мен жалғағыш муфталарды, шеткі бітеулерді монтаждау, тарқатуды, бөлуді, мөлшерлеуді, кәбілді төсеуді жүргізу; кәбілдердің зақымданған жерлерін анықтауды, жерге қосу кедергісін, кәбіл қабығындағы әлеуеттерді өлшеуді жүргізу; орташа күрделілікті қосу схемаларымен электр жабдықтарының істен шығуы мен ақаулықтарын анықтауды және жоюды жүргізу; жұмсақ және қатты дәнекерлермен дәнекерлеуді жүргізу. Сызбалар мен схемалар бойынша жұмыстарды орындау; электр қозғалтқыштары үшін іске қосу кедергілерін іріктеуді жүргізу; кернеудің артып кетуінен қорғау құрылғыларын (КАҚҚ) тексеруді, қарап-тексеруді және жөндеуді жүргізу. 5 разряд: Орындай білуі тиіс: кернеуі 15 кВ дейінгі жоғары вольтты электр машиналары мен түрлі үлгідегі электр аппараттарын бөлшектеуді, күрделі жөндеуді, құрастыруды, орнатуды және орталықтандыруды жүргізу; автоматика және телемеханика құралдары мен қорғау құралдарының күрделі құрылғыларындағы схемаларды баптау және ақауларды жоюды жүргізу; электр жабдығын және ағындық желіге қосылған машиналар мен агрегаттар схемаларын, сондай-ақ технологиялық процесті автоматты реттейтін жабдықтарды қосудың аса күрделі схемалары бар күштік және жарық беру қондырғыларына қызмет көрсетуді жүргізу; 35 кВ жоғары кернеулі кәбіл желілерін, енгізу құрылғылары мен жалғау муфталарын монтаждауды және жөндеуді жүргізу; қуаты 1000 кВт жоғары сынап түзеткіштері мен жоғары жиілікті қондырғыларды жөндеу, монтаждау, орнату және баптау; домна, болат балқыту пештерінің, прокат стандарының, блоктау, сигнал беру, туннель пештерінің басқару құрылғыларының, диспетчерлік автоматтандырылған басқару жүйелерінің, ағынды-көліктік технологиялық желілердің, электрондық басқару схемалары бар дәнекерлеу жабдығының, электр жабдығы агрегаттарының және ток пен кернеу бойынша кері байланысы бар электромашиналық басқару жүйелері бар станоктардың жұмыс режимдерін автоматты реттеу құрылғыларын монтаждауды, жөндеуді, реттеуді және қызмет көрсетуді жүргізу; кептіру және вакуум пештерінің күрделі электр жабдықтарын, ең жоғары токтың бірегей автоматтары мен автоматты ленталарды жөндеуді жүргізу; электр машиналарының роторларын теңгерімдеуді, дірілді анықтау мен жоюды жүргізу.Қосымша:
Болжамды еңбек ақы мөлшері: 141 372 теңгеден 293 149 теңгеге дейін (4 разряд) 155 509 теңгеден 322 464 теңгеге дейін (5 разряд)Білетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
Қойма шаруашылығы тепловоз машинисті
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
22.11.2024 | 775
4-разрядты ауа бөлу аппаратшысы уран өндірісінің азот-сутегі-оттегі станциясы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
21.11.2024 | 117
Қойма шаруашылығы. 4-разрядты кран машинисі (краншы) (60-02-05/3480 от 26.09.2024), 1ед
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
21.11.2024 | 681