«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» филиалы Активтерді сату және мониторинг жөніндегі топтың бас менеджері (16 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Инфрақұрылым объектілерін күрделі салу жобаларын іске асыру шеңберінде жаңадан салынған магистральдық теміржол желісінің объектілерін қабылдауды-беруді қамтамасыз етеді;
- "Самұрық-Қазына" АҚ акцияларын төлеуге республикалық мүлікті қабылдау-беру мәселесі бойынша өзара іс-қимылды, ҚР ИИДМ, "Самұрық-Қазына"АҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және коммуникация министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру және техникалық паспорттар дайындау, инфрақұрылым объектілерін күрделі салу жобаларын іске асыруға орналасқан жер учаскелерінің тиесілігі мәселесі бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
- Теміржол инфрақұрылымын салу жобаларына құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс қимыл жасайды;
- Берілетін мүліктің нарықтық құнын айқындау мәселесі бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- Жер учаскелерін жалдау шарттарын, сәйкестендіру құжаттарын ұзарту және оларды әділет органдарында тіркеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, теміржол инфрақұрылымын салу жобасы жоспарланып отырған жер учаскесіне индикациялық құжаттардың болуын және сәйкестігін тексереді;
- және басқа.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе
- жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Экономика; Менеджмент, Құқықтану; Халықаралық құқық; құрылыс; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Автоматтандыру және басқару, Кадастр; бағалау; сәулет; жерге орналастыру; Есеп және аудит; Мемлекеттік және жергілікті басқару.
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)