Лауазымдық жауапкершілік:
1. Қызметтер мен өндірістерді сатып алу жоспарларының негізінде сатып алулардың жылдық, ұзақ мерзімді, жиынтық, нақтыланған және алдын ала жоспарларын қалыптастырады, оларды «ҮМЗ» АҚ веб-порталында және «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу веб-порталында (бұдан әрі - сатып алу веб-порталы) орналастырады.
2. Ай сайын және өсіпелі жиын қорытындысы бойынша жылдық, ұзақ мерзімді, жиынтық, нақтыланған және алдын ала сатып алу жоспарларының орындалуын талдайды.
3. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі тендерлік құжаттаманы әзірлейді, келіседі және бекітуге береді, бекітілген тендерлік құжаттаманы сатып алу веб-порталында орналастырады.
4. Тендерлік комиссиялардың хатшысы бола отырып, «ҮМЗ» АҚ-ның тәртібі мен ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін (ресімдер мен мерзімдерді сақтауды), оның ішінде хаттамаларды ресімдеуді және қол қоюды, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу материалдарының сақталуын қамтамасыз етуді, өтінімді қайтару және ұстау ресімдері мен мерзімдерін сақтауды қамтамасыз етеді.
5. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруларды қалыптастырады және оларды сатып алу веб-порталында орналастырады.
6. Орындаушы бола отырып, «ҮМЗ» АҚ-ның тәртібі мен ішкі құжаттарына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуларды сатып алу веб-порталында анықталған келісуші және бекітуші ұйымдық қызметті (рәсімдер мен мерзімдерді сақтауды) қамтамасыз етеді.
7. Сатып алу веб-порталында бір көзден алу тәсілімен өнім берушіні таңдау бойынша құжаттарды қалыптастыруды, орналастыруды және келісуді жүзеге асырады.
8. «ҮМЗ» АҚ атынан мониторинг және шоғырландырылған есептілікті ұсыну және жергілікті қамту/елішілік құндылық мониторингін жүргізеді.
9. Бөлім бастығы белгілеген шарттарды жасасу және жүргізу дайындығын жүзеге асырады.
Білім:
Экономикалық, заңды, техникалық, менеджмент немесе қаржылық бағыттар бойынша жоғарыДағдылар:
Инженер / 2 санатты инженер / 1 санатты инженер - ДЭЕМ және басқа да ұйымдастыру техника құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгере білу. Іскерлік хат және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.
Жетекші инженер – I-санаттан төмен емес сатып алу саласындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.
Қосымша:
-Білетін тілдер:
-