Тұрмыстық газ есептеуіш қызметінің газ қондырғыларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
1458

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.
Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:
  • Тұрмыстық газ есептегіштерін алу / орнату, тұтынушылардың өтінімдері бойынша газдың ағып кетуін жою бойынша өндірістік тапсырмалар алу, наряд-рұқсатсыз жүргізілетін газға қауіпті жұмыстарды журналға тіркей отырып, телеметрия функциясы бар газды есепке алу аспаптарын пломбалау, қайта қосу;
  • Материалдарды, арнайы киімдерді, жеке қорғаныс құралдарын алу, жұмыстарды жүргізу үшін қажетті құралдардың болуын және жарамдылығын тексеру;
  • Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, слесарлық жұмыстарды орындау;
  • Газдың ағуы болған кезде үйішілік газ жабдығына ілеспе техникалық қызмет көрсетуді орындау, ағып кетулерді жою;
  • Крандарды бөлшектеу және майлау, газ құбырларының барлық бұрандалы және дәнекерленген қосылыстарының герметикалығын тексеру;
  • Абонентке тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқама беру;
  • Өндірістік тапсырмаларды орындау бойынша есепті шеберге және тұрмыстық есептегіштер қызметінің бастығына ұсыну;
  • Жұмыс жүргізу үшін қажетті пломбалар мен басқа да материалдарды алу;
  • Тұрмыстық газ есептегіштері техникалық талаптарға сәйкес келмейтін немесе оларды орнату қолданыстағы нормативтік монтаждау ережелері мен газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерін бұза отырып орындалған газ тұтынушыларына нұсқамалар беру, нұсқамалардың орындалуын бақылау.

Талаптар
  • Білімі техникалық орта немесе жалпы орта, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
  • Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі Слесарь өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша газға қауіпті жұмыстарға жіберу туралы белгісі бар оқытудан және білімін тексеруден өтуі тиіс.

Шарттары:
  • Еңбек шартының негізінде

Қажетті қабілеттер

  • Добропорядочность
  • - Soft skills: коммуникабельность, умение работать в команде, стрессоустойчивость, пунктуал,
  • * Свободное владение государственным и русскими языками;