"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"БП Шымкент бөлімшесі"филиалының Түркістан тауар станциясының ( 1-сынып) кассирі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1.Станция бойынша тиеу-түсіру жоспарының орындалу есебін жүргізеді.2.Тарифтік нұсқаулықтарға, жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
3. Дебиторлық берешектің есебін жүргізеді және оны жою және оған жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
4. Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың теміржолмен өзара есеп айырысуын бақылайды.
5. ГУ-1 ф. жүктерді тасымалдау жоспарын орындаудың есепке алу карточкаларын жүргізеді.
6. ФДУ-92 нысанындағы жинақтаушы карточкалардың дұрыс жүргізілуін және олардың "орталықтандырылған есеп" ҚТЖ-БП " АҚ Жамбыл филиалына уақтылы жіберілуін бақылайды.
7. Жүк құжаттарының уақтылы кредиттелуіне бақылауды жүзеге асырады, ұзақ мерзімді құжаттардың кредиттелуіне шаралар қабылдайды.
8. ГУ - 35 нысанындағы жүк жөнелтілімдері кітабының дұрыс нөмірленуін және жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.
9. Анық емес Мекен-жайы, жүк алушысы және т. б. құжаттардың келуі бойынша алушыларды іздестіруді және нақтылауды жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
Білімі:орта (техникалық және кәсіптік)
Мамандығы:
теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыс
Жұмыс тәжірибесі:
кемінде 3 жыл, оның ішінде жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, поездарды қабылдаушы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор (СТО)лауазымында 1 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Озат)