Балқаш вагон пайдалану депосының вагон операторы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
* Ақаулы вагондардың болуын, депо бойынша бос тұру және қалдық нормаларының сақталуын бақылайды. ЖА АЕО анықтамаларын сұрайды.* Ай сайын бір айдың қорытындысын шығара отырып, ВО-1, ВО-2 нысанының тәуліктік есебін жасайды *
* ОВ, РБ в-4-те белгіленген нысандар бойынша жиынтық есептерді орындайды
* Жүк паркі вагондарының қоғамдық санағына қатысады *
* Депоның ауысымдық, тәуліктік, айлық жұмыс есебін, сондай-ақ бекітілген учаскенің поездар қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратты депоны пайдалану бөліміне жасайды және береді.
* Барлық ТҚҚ бойынша ТҚҚ (ағызу, жөндеу, қалдық) нөмірлік есебін жүргізеді, жиынтық есеп жасайды.
* КТСМ іске қосылуы туралы ақпаратты алған кезде кепілді учаске бойынша поездардың жүріп өту жағдайы туралы аралас ІІО операторына ақпарат беру.
Біліктілік талаптары:
* орта ( техникалық және кәсіби)
* Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
* еңбек өтіліне талаптар қойылмайды
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж