Экономика және тарифті қалыптастыру бөлімінің бас маманы (УАҚЫТША ЛАУАЗЫМ)

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Қарағанды өндірістік филиалы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
2064

   Конкурс туралы
Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.
Міндеттері:
Белгіленген тәртіпте реттелетін қызмет түрлеріне тарифтерді, бағаларды және тарифтік сметаларды бекітуге өтінім материалдарын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Уәкілетті органға реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаларды орындау бойынша есептерді дайындау, талдау және ұсыну.
Өтінімдерді қалыптастыру кезінде реттелетін қызмет түрлеріне тарифтер мен бағалардың деңгейін негіздеу бойынша материалдарды дайындау бойынша Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.
Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы қызмет бойынша консультациялық қолдау көрсету.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада көзделген Филиал есептеріне ақпарат пен материалдарды дайындау.
Филиалдың төлем күнтізбесін қалыптастыру және түзету.
Филиалдың бекітілген Бизнес-жоспарына түзетулер енгізу бойынша жұмыс.
 
Талаптар:
ЭжТҚБ бас маманың біліктілігі мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
Білімі-жоғары экономикалық және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Кәсіби дағдылар мен білім.
Шарттар:
ҚР ЕК сәйкес ресімдеу.
Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.