"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы Алматы ст. есепке алу тобының жетекші маманы - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы"

от 259554
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
285

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Келіп түскен бастапқы құжаттардың дұрыстылығын тексеріп, SAP жүйесінде іс-сапар шығындврын, қызметкерлердің сыйақы төлемдерін, тағы басқа қызметкерлердің төлемдерін тексеру 2)Еңбекақы төлемі мен қызметкерлердің басқа да төлемдерінің дұрыстығын, толықтығын және уақытылы орындау;
  • SAP жүйесінде пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервті дұрыстылығына тексеру;;
  • әр қызметкер бойынша шоттарды толтыру және төлем түбіртектерін жабыстыру;
  • Басшы құзіретінің жеке тапсырмаларын орындау;
  • Мостотряд Қапшағай қаласы бойынша және ПЧ-46 бойынша іссапарлар, атқару парақтары, алименттерді өндіру бойынша жұмыс аймағына жауапты, іссапар шығындары бойынша
    аванстық есепті және басқа да есепті сомаларды ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
  • іссапар шығындары мен басқа есеп беретін сомалар бойынша ашық позицияларды тазартады;
  • жүйеде іссапар шығындары және басқа да есепті сомалар бойынша аванстық есепті есептейді;
  • басқа есеп айырысулар бойынша келіп түскен құжаттардың персоналмен жүйедегі құжаттарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғарғы,
  • Мамандығы: Есеп және аудит, Қаржы, Экономика, Статистика,
  • Еңбек өтілі: өтіліне талап қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр