«Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Ақмола филиалының бас бухгалтері
- Құрылған күні:
- 07.11.2024
- Берілген өтінім:
- 8
- Қаралған саны:
- 181
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Филиалдың қаржылық жағдайы туралы сенімді ақпаратты қалыптастыру және қаржылық қамтамасыз ету процесін ұйымдастыру және үйлестіру;
- қаржы, бухгалтерлік және салықтық есеп бөлімінің, 1 санатты маман - экономисттің қызметін басқару, үйлестіру және бақылау;
- қаржы, бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша филиалдың жұмысын жоспарлау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
- келіп түскен ақша қаражаттарының, тауарлық-материалдық қорлардың және негізгі құралдардың есепке алынуының дұрыстығына, олардың қозғалысына байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетілуіне бақылауды жүзеге асыру;
- серіктестіктің орталық аппараты мен филиалы мен "ҚТЖ "ҰК"АҚ консалидацияланған балансына кіретін кәсіпорындар арасында өзара есеп айырысудың дұрыстығын бақылау және тексеру;
- материалдардың,отынның, ақшалай қаражаттың дұрыс жұмсалуын, бастапқы құжаттар негізінде есептілік жасау тәртібін тексеру, сондай-ақ мүлікке түгендеу жүргізуді ұйымдастыру;
- салықтардың және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің дұрыс есептелуіне, салық комитетіне декларациялардың уақтылы берілуіне, салықтардың барлық түрлері бойынша есеп айырысуларға бақылауды жүзеге асыру;
- қызметтік іссапарлар және әкімшілік-шаруашылық шығыстар бойынша есепті тұлғаларға аванстық есептердің дұрыс жасалуын бақылау және тексеру;
- жалақыны есептеудің дұрыстығын және жалақыдан салықтар бойынша төлемдерді есептеу мен аударудың дұрыстығын бақылау және тексеру;
- еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары, демалыстар, пайдаланылмаған демалыстар үшін өтемақылар бойынша есеп айырысулардың дұрыс жүргізілуін бақылау және тексеру.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары кәсіби, тиісті бейін бойынша магистр дәрежесінің болуы (жақсырақ)
- Мамандығы: экономика, менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)