"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Қарағанды ЖТ бөлімшесі" филиалы (1 класс) Нұра станциясының парк кезекшісі (НОД-4)

212354 - 222660
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
245

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Тежегіш табандардың болуын, олардың жарамдылығын тексеру, кейіннен тежегіш табандарды нөмірлік есепке алу журналында тиісті жазбаларды ресімдеу
  • Учаскеде қолданылып жүрген барлық ескертулерді ескерту бланкісіне станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша ДУ-61 нысанын енгізу, ескерту түбіртегіне кейіннен жазып, поезд машинистеріне ескерту нысанын тапсыру
  • Станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша СЦБ құрылғылары ақаулы болған кезде локомотив машинистеріне аралықта тұруға рұқсат алу үшін ДУ-54, ДУ-56, ДУ-50, ДУ-64 нысанды бланкілерін беру
  • Құрылғылардың қалыпты әрекеті бұзылған жағдайда станция бойынша кезекшінің өкімі бойынша бағыттамаларды курбельмен ауыстыру, аспалы құлыпқа бекіту, поездарды қабылдау-жөнелту маршруттарын дайындаудың дұрыстығын, жолдардың, бағыттамалардың немесе оқшауланған учаскелердің еркіндігін тексеру
  • Нұсқау бойынша вагондарды тежегіш табандармен бекіту (оның ішінде жел жылдамдығы күшейген кезде қосымша) және қабылдау-жөнелту жолдарындағы, сұрыптау паркі жолдарындағы вагондардың тежегіш башмақтарын жинау, станция техникалық – реттеу актісінің талаптарына сәйкес станция бойынша кезекшіге баяндау және ДУ-67 журналына жазу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі орта (техникалық және кәсіби) 
  • Мамандығы:  Тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, көлік пайдалану (теміржол көлігі); Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру  және қозғалысты басқару
  • Жұмыс тәжірибесі:  поездарды құрастырушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, бағыттама бекетінің кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, сигнал беруші, станция бойынша кезекші жанындағы оператор, орталықтандыру бекетінің операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс

Қосымша талаптар:

  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.

 

 

  • Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Нұра станциясы

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж