"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Никельтау жол дистанциясының жол диспетчері

304812 - 309949
Никельтауская дистанция пути Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
214

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Жол жұмыстары, "терезедегі" жұмыстарды, қар тазалау және қар тазалау техникасының жұмыстарын жол машиналары және жолдың жоғарғы құрылысының материалдарын тиеу және түсіру жөніндегі жұмыстарды есепке алуды жүргізеді.

Дефектоскопияның жұмыс кестесін есепке алу және бақылауды, дефектоскопияның жұмысы туралы деректерді жинауды жүргізеді, қызметтік жеделхаттарды қабылдау және жіберу.

Жолдың және оның құрылыстарының бүлінуінің барлық жағдайларын тіркеу, зақымдану уақыты мен сипатын тіркеу, дистанция басшылығғын деларының тұрақты жұмысы және орта буын басшыларын дереу хабардар ету.

Пойыздар қозғалысынң кешігуне әкелген жол құрылғыларының тұрақты жұмысының барлық бұзушылықтарын (рельс тізбектерінің зақымдануы, апаттар, соқтыгысулар, авариялық тежеу) есепке алу дереу жол басышыларына хабарлайды.

Жол өндірісінің жұмыс кезінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді, сондай-ақ жолдағы ақауларды жою кезінде уақтылы және тиісті түрде ескерту беру.

 

Біліктілік талаптары:

Жоғарғы оқу орны.орта техникалық және кәсіптік
Сала бойынша мамандығы . темір жолдар құрылысы және жол шаруашылығы 
Жұмыс тәжирбесі. жоғарғы білім, 2жылдан кем емес

Қосымша талаптар:

Теміржол көлігін басқару саласындағы жалпы талаптарды білу

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман